Желтоқсан оқиғасының ақиқатын ашқан режиссер ауыр халде жатыр

0

«Аллажар» фильмінің қоюшы-режиссері Қалдыбай Әбенов Алматы қаласы 7-ші Қалқаман ауруханасында ауыр халде жатыр. Жансақтау бөлімімінде жатқан режиссердің ыстығы көтеріліп, екі өкпесі қабынған.

Бұл туралы желтоқсаншы Декелбаев Ерлан айтты.

Желтоқсан оқиғасы туралы түсірілген «Аллажар» фильмінің авторы Қалдыбай Әбеновтің жағдайы бұған дейін де мүшкіл екені жайлы отандық БАҚ жазған.

«Аллажар» фильмі туралы

Режиссер: Қалдыбай Әбенов
Шыққан жылы: 1996
Рөлдерде: Ақан Сатаев, Жазира Қожабергенова, Назира Бақаева, Марина Кунарова, Алексей Шемес, Айдос Бекмиров, Андрей Скоров
Сценарий авторы: Нұрлан Сегізбаев, Қалдыбай Әбенов, Александр Лапшин
Оператор: Әбілтай Қастеев
Композитор: Әділ Бестібаев
Бюджет: 150 мың АҚШ доллары
Жанры: Тарихи, Өмірбаян»Аллажар» көркем фильмнің түсірілімдері 1988 жылдан 1996 жылға дейін созылған. Басты рөлді «Рэкетир», «Ағайындылар», «Мың бала» фильмдерінің режиссері Ақан Сатаев сомдаған.

«Келер ұрпаққа қыршын кеткен ерлердің ерліктерін үлгі ретінде көрсету, қазақтың мүддесі үшін, қазақ жастарының қандай ерлікке барғандарын дәріптеу мақсатымен түсірілген фильм ғой. «Аллажар» деген атауының өзі ежелгі ата-бабамыздан келе жатқан жалбарыну ғой, біздің бабаларымыз қиналған сәтте Жаратушыға сиынатын. Желтоқсанға қатысқан жастар да «Я, Аллам, өзің жар бола гөр!» деп шейіт боп жатты. Мұның атауының өзіне алғашқы күннен бастап тиіскен еді, ол кез шындықты айту қиын, Колбиннің тақта отырған кезі еді ғой, осындай уақытта фильмді бастау да оңай болған жоқ.» — дейді «Азаттыққа» берген сұхбатында фильмнің режиссері Қалдыбай Әбенов.