Желідегі алаяқтардан қалай қорғанамыз?
Қазіргі заманғы ақпарат алмасудың ең тиімді тұсы – қолжетімділігі. Алайда бұл артықшылықтың да өз кемшілігі бар. Ол – шынайы және жалған ақпараттардың қосарланып берілуі. Бұл мәселе қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелеріміздің біріне айналып отырған да жасырын емес. Оның себебі де айқын. Адамдардың манипуляция мен жалған ақпараттарға тез сенгіштігі осы тұста ақпаратты жағымсыз мақсатта таратуды көздеген адамдар үшін қолайлы жағдай жасауда.
Адамдар ашығында негативті ақпараттарға тез елігеді, көзсіз сенеді, жағдайдың түбін сыни тұрғыдан түсінуге ұмтылмайды. Теледидардан берілген ақпараттардың 100—ден 100 пайызын шындық деп қабылдайды. Журналистер жалғанақпарат бермейді, деп ойлайды. Бейсаналы түрде немесе расталмаған фактілердің қарсыласуынан бізге бұрмаланған ақпарат ұсынылады. Бұл тәсілді насихат жасаушылар, кибершабуыл, желілік алаяқтық жасаушылар және басқа да мақсатты тұлғалар жиі қолданады.
Интернет алаяқтар әлеуметтік желілер арасында Қазақстанда кең етек алған қосымшаларTelegram және Instagram мессенджерлері арқылы алдауға шыққан.
Соңғы жылдарда басқа бір адамның әлеуметтік желідегі аккаунтын бұзып алып, сол адамның атынан таныстарынан немесе достарынан көмек сұрайтын алаяқтардың мысалдары көбейді. Сәйкесінше, осындай алаяқтардан зардап шегушілер де аз емес. Бұл уақытқа дейін алаяқтар тек танымал адамдардың аккаунтын бұзып олардан ақша бопсаласа, қазірде олар қарапайым халыққа да көз тіккен. Соның бір мысалы – баласы ауырып емге ақша сұраған бір азаматтың бірнеше жыл еңбектеніп оқырман жинап, олар арқылы емге ақша жинап отырған аккаунтын бұзып, ол аккаунтты қайтару үшін иесінен 200 доллар сұраған. Оны алғаннан соң, аккаунтты қайтарудан бас тартып, бұл жолы 400 доллар салуын талап еткен. Аккаунт иесі бұл жағдайдың бұлай жалғаса берсе, емге жинаған ақшасының бәрін жоғалтатаныны түсініп, IT мамандарынан көмек сұраған. Олар алаяқтың басқа мемлекеттің адамы екенін, қай жерде отырып алаяқтың жасап отырғанын инетрнеттегі сервис адресі арқылы тауып берген. Оған қоса, аккаунтты да қайтарып ала алған. Және мұндай мысалдар айналамызда өте көп.
Алаяқтық схемасы мынадай: кез келген адамның әлеуметтік желідегі жалған аккаунты жасалады. Сол парақша арқылы сол адамныңжақын туыстарына, достарына көмек сұрап хат жазу арқылы белгілі бір банк картасына ақша аудару сұралады. Мұндай алаяқтық көбіне Telegram пайдаланушылары арасында жиі орын алады.
«Мысалы, сіз бір зат не тауарды сату туралы хабарландыруды интернетте орналастырдыңыз. Алаяқтар сізге жарнаманы салар — салмас жыылдам хабарласып, затыңызды сатып алуғысы келетінін айтады және сіздің банктік картаңызға ақша аудару үшін сілтемеге басуыңызды сұрайды. Одан әрі сілтеме бойынша өтіп, сіздің банк картаңыздың CVV/CVC-коды көрсетілген деректерін енгізу сұралады, оларды енгізген соң банк картасының шотынан ақша алынады. Осындай алаяқтық схемалары арқылы сіздің төлем картасыңыздың мәліметін ұрлап, есепшоттарыңызға қол жеткізеалады» дейді сала мамандары.
Осы ретте интернеттегі алаяқтардан сақтану үшін мына кеңестерді ұсына аламыз:
URL мекен-жайларын үнемі тексеру: жеке мәліметтеріңізді көптеген әлеуметтік желіге жүктер алдын, жүктегелі отырған сайттың немесе желінің сенімділігін тексеру. Фишинг хаттарына және бірнеше қауіпті сайттарға кіруге тыйым салу. Мұндай сілтемелер сіздің электронды почтаңызға да келуі мүмкін.
Әлеуметтік желілердегі профилде көрсетілетінбайланыс деректерін (қызметтік және жеке телефон нөмірі) көпшілікке қолжетімді етпеу қажет. Мобильді телефонның нөмірін көрсету керекболғанда, жұмыс телефонының нөмірлерін беру керек, яғни, жеке нөмірді туыстармен және жақындармен байланысу үшін ғана пайдаланған дұрыс.
Аккаунттық деректеріңізді үнемі тексерістен өткізіп, тіпті конфидеционалды аутентификациядан өткізіп қойғаныңыз жөн. Бұл жағдайда сіздің есебіңізге кіргісі келген адам міндетті түрде бірнеше тексерістен өтуге мәжбүр болады. Сәйкесінше, сіздің телефон қолында болмаған жағдайда, ол адам сіздің деректерге қол жеткізе алмайды.
Браузерде, операциялық жүйеде және мобильдік құрылғыларда пайда болатын түрлі терезелерден көрсетілетін хабарламаларға да асқан мұқияттылықпен қараңыз.
Банк картаңыздың деректерін ешқандай сайтқа немесе деректер базасына сақтамаңыз, картаның артқы жағындағы 3 санды CVV/CVC-кодын ешкіммен бөліспеңіз. Сондай-ақ, банктен келіп түсетін SMS-кодты ешқашан бейтаныс адамға айтпаңыз.
Қоғамдық орындардағы ашық Wi-Fi-нүктелерін қолданбаңыз, сонымен бірге өз аутентификациялық деректеріңізді бір реттік қолданыс жүйелеріне енгізбеңіз.
Жеке куәліктің суретін, банк карталарының деректерінің көшірмелері мен банк картасының суретін ешкімге жібермеңіз.
Жоғарыда көрсетілген кеңестерге жүгінсеңіз, әлеуметтік желі және интернет алаяқтардың құрығына түсуден аулақ боласыз.