Желіде Жерді 50 мың жылда бір айналып өтетін жасыл кометаның видеосы тарады
1 ақпанға қараған түні жасыл комета деп аталатын жұлдыз Жерге барынша жақындап, шамамен 42,5 миллион шақырым қашықтықта болды. Күнді 50 000 жылда бір айналып өтетін C/2022 E3 (ZTF) құйрықты жұлдызының видеосы желіде тарады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail порталына сілтеме жасап.
Оны планетамыздың солтүстік жарты шарындағы тұрғындар анық көре алған.
Кейбір бақылаушылар кәсіби фотографиялық жабдықтың көмегімен аспан бойынша жылдам қозғалатын кометаны түсіріп алған. Дегенмен кейбір әуесқой астрономдар ай сәулесі мен бұлттардың көп болуына байланысты жақсы кадрлар жасай алмағандарын айтады.
ZTF құйрықты жұлдызы Жерде әлі біраз уақытқа дейін көрінеді деп күтілуде.
Ғалымдардың айтуынша, ZTF кометасы біздің планетаның үстінен соңғы рет жер бетінде жоғарғы палеолит дәуірі кезінде ұшып өткен. Ол кезеңде адамдар Азия мен Еуропаға енді ғана қоныстана бастады. Тіпті бұл уақытта мұз дәуірінің ірі сүтқоректілері мамонттар мен қылыш тісті жолбарыстар тірі болған.