Желіде Тұрсынбек Қабатовтың қазақстандықтарға үндеуі жарияланды – видео

0

Қабатов астаналық жастардың идеясын қолдады. Ол барша қазақстандықтар мен өз әріптестерін бастамаға белсенді қатысуға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар — Sputnik. Астаналық жастар әлеуметтік желіде қар тазалау челленджін бастады. Қала тұрғындарына аулаларын тазартып, видеоны #Бізбіргеміз хэштегімен жариялау ұсынылып отыр, деп жазылған әкімдіктің ресми сайтында.

Мұндай идеяны волонтерлер ұсынған. Бастаманы Тұрсынбек Қабатов, журналист Асхат Садырбай және «Назар аудар» театрының қатысушылары қолдады.

«Біздің қаламыз, еліміз — ол біздің үлкен үйіміз. Әр азамат қала тазалығына, тәртібіне өз үлесін қосу керек. Біз коммуналдық қызметкерлерге осылай көмектескіміз келеді. Бүгін біраз қалың қар түсті. Біз бұл бастаманы қолдаймыз және де басқа әріптестерімізді бізді қолдауға шақырамыз», — деді қолына күрек алып, қар тазалауға кіріскен Тұрсынбек Қабатов.

Тағы оқыңыз: «Ондай ойы барын білмедім» Есен Елеукен Тұрсынбекке қатысты шындықты айтты  

Еске сала кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2020 жыл «Волонтер жылы» болып жарияланған болатын.



sputniknews.kz