Желіде Төреғалидің қамауда отырған фотосы пайда болды

0

Уақытша ұстау изоляторында отырған Төреғали Төреәлі Көлсайда болған жағдай бойынша өз нұсқасын айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша жаңа клиптің түсірілімі барысында жанжал шыққан. Жәбірленуші олардан көзін алмай, жұмысына кедергі келтірген. Нәтижесінде жанжал әнші тарапынан төбелеске ұласқан.

Әлеуметтік желіге тараған видеожазбада әртістің балағат сөздер айтқанын аңғаруға болады.

Айта кетейік, аталған құқық бұзушылық ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы “Бұзақылық” бойынша тіркелді.