Желіде Серік Ибрагимовтың тұтқындалу сәтінен ВИДЕО тарап жатыр

0
2
Желі қолданушылары аталмыш бейнероликке қатысты екі түрлі пікір білдірді.
Әлеуметтік желіде құқыққорғау қызметкерлерінің белгілі әнші Серік Ибрагимовты тұтқындап жатқан сәтінен видео тарап кетті. Бейнежазбада өнер иесінің тәртіп сақшыларына ұсталып, барша отандастарынан кешірім сұраған деп жазады Nur.kz.

Instagram желісінде жарияланған бейнероликте үйде жүрген бірнеше ер адамды кенеттен атып кірген қарулы азаматтар тұтқындап жатқаны көрініс тапты. Олар құқыққорғау органдарының қызметкерлері болса керек.

Бейнежазбада бет-аузын тұмшалап алған адамдардың үй ішіндегі жігіттерді жерге жатқызып, қолдарына кісен салғалы жатқаны көрінеді. Оған қоса, видеода оқ атқандай дауыстар шықты.

Оқиғаның қайда және қалай орын алғаны жайлы әзірге ешқандай ақпарат жоқ. Бірақ, ұсталған топ арасында әнші Серік Ибрагимов пен әзілкеш Қабдол Тілеков бар екені белгілі болды.

Ғаламторда тараған видеода олардың екеуі де барша елден карантин режимін бұзғаны үшін кешірім сұраған. Алайда, қос азаматтың да жеке парақшаларында орын алға жағдай жайында жазба жарияланбаған.

Желі қолданушылары аталмыш бейнероликке қатысты екі түрлі пікір білдірді. Бірі жұлдыздардың шынымен ұсталып қалғанына сенсе, енді бірі әзілкеш пен әнші ортақ досы Ернар Айдардың тұтқындалуына пародия жасаған деп шешті.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз