Желіде сарбазды соққының астына алып жатқан бейнежазбадағы күдіктілер ұсталды
Астанада Ұлттық Ұланның бұрынғы әскери қызметшісін ұрып-соққан екі күдікті ұсталды. Оның видеосы әлеуметтік желілерде тараған еді, — деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
«Қылмыстық іс шеңберінде жедел-тергеу іс-шараларымен Ұлттық ұланның мерзімді қызметінің бұрынғы әскери қызметшісін ұрып-соғуға қатысы бар барлық қатысушылардың орналасқан жері анықталды.
Бір тәулік ішінде Астанада тұрғылықты жері бойынша екі күдікті — жәбірленушінің дене жарақатын тікелей келтірген бұрынғы әріптестері жедел ұсталды. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген ведомствоның хабарламасында.
Тергеу аясында барлық қатысушылардан жауап алынды. Олардың әрекеттеріне, соның ішінде бейнетүсірілімді жүзеге асырған тұлғаларға құқықтық баға беріледі. Тергеу әрекеттері жалғасуда, деп атап өтті баспасөз қызметі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде пойыздың тамбурында камуфляж формасын киген жігітті ұрып-соғып жатқан бейнежазба тараған болатын. Ішкі істер министрлігінің жүйесіне кіретін Ұлттық ұлан камера объективіне түскен нысан дәл осы ведомствоға қатысты екенін растады.
ІІМ бұл оқиға 2023 жылдың күзінде, қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін запасқа шығарылған мерзімді әскери қызметшілер үйлеріне қайтар кезде болғанын хабарлады,
Еске сала кетейік, Президент тікелей өзі бұл видеоға қатысы барларды жауапқа тартуды тапсырған еді.
дереккөз: tengrinews.kz