желіде қазақстандық әкімнің видеосы қызу талқыланып жатыр

0
14

Әкім тұрғындар карантин ережесін қаншалықты сақтайтынын өзі тексерді. Оның әрекеті әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырды

ТАЛДЫҚОРҒАН, 15 сәуір – Sputnik. Талдықорған қаласының әкімі карантин кезінде көшеде жүрген адамдарды тексерді. Олар қала басшынан сөз естіді. Тұрғындарының бірі әкімнің мұндай әрекетін құптаса, енді бірі қолдамай отыр.

Талдықорған әкімі Ғалымжан Әбдірайымов видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Ол қаланы аралап, карантин режимін бұзғандармен сөйлесті. Олардың арасында қолғап пен бетперде кимеген жолаушылар автобусының жүргізушілері де болды.

Жергілікті тұрғындар қала басшысының бұл әрекетіне біраз таңғалды. Әртүрлі пікір айтылды. Бірі мұндай тексеру керек десе, енді бірі әкім адамдармен дөрекі сөйлесті деп отыр.

«Бұл рейд азаматтарға карантин ережесін сақтаудың маңыздылығын түсіндіруге арналды. Әкім тапсырмасымен үш жұмыс тобы құрылды. Құрамына әкім орынбасарлары, қалалық полиция өкілдері және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары енді. Карантин бұзғандардың кейбіріне айыппұл санкциясы қолданылды», – деді Талдықорған әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі.

Жұмыс тобы облыс орталығындағы сауда және сервистік нысандарда, монша, сауна, нан-тоқаш өнімдері мен азық-түлік сататын дүкендерде болды.

Еске сала кетсек, 15 сәуірде Алматы облысында карантин енгізілді. Қазіргі уақытқа дейін өңірдің 24 тұрғынында коронавирус расталды. 5 адам жазылып шықты.



sputniknews.kz