Желіде оқушылардың Құран оқып жатқан видеосы тарады
Желіде қазақстандық медреселердің бірінде мектеп жасындағы ұлдардың Құран оқып жатқан видеосы тарады. Аталған жағдайға қатысты Оқу-ағарту министрлігі пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.
Желіде тараған видеоға тоғыз жүзге жуық адам пікір қалдырған. Желі қолданушыларының айтуынша, мұндай монотонды қимылдар балаларды зомбиге айналдырып, трансқа түсіреді.
«Бұл қорқынышты, орта ғасырға қайта оралу», «18 жасқа дейін балалар кез келген діннен алыс болуы керек», «Олар спортпен, ғылыммен айналысуы керек», » Олар трансқа түсе ме?» — деп жазды олар.
Оқу-ағарту министрлігі жағдайды зерделеп, намаз оқитын орындардың бар-жоғын облыстық бiлiм басқармаларының мониторинг топтары тексергенiн хабарлады.
Министрлік аталған видео шет мемлекетте түсірілген болуы мүмкін дейді.
«Бұл оқиға Қазақстанның білім беру ұйымының аумағында болмағанын ресми түрде хабарлаймыз. Қазіріг таңда мектеп оқушыларымен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда», — деді министрлік.
Сондай-ақ Қазақстан мектептерінің аумағында діни жоралғылардың кез келген түріне тыйым салынғаны айтылды.
Фото: Видеодан алынған скрин