Желіде оқушы қызды аяусыз соққыға жыққандардың бейнежазбасы тарады (видео)

0

Бейнежазбаны журналист Самал Қабышева Faсebook парақшасында жариялады. Ал төбелеске қатысы бар қыздардың барлығы облыс орталығы мен Қаратал ауданындағы оқушы қыздар екен. Олардың үстінен әкімшілік іс қозғалды, — деп хабарлайды Kznews.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жәбірленуші қыз өз өкілімен (әжесімен) бірге полицияға ресми өтініш беруден бас тартты. Соған қарамастан, іс жүзінде ҚР ӘҚБтК 73-1-бабында көзделген әкімшілік іс қозғалды (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру). Сонымен қатар ұрып-соққан күдіктілерге катысты материалдар әкімдік жанындағы Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарастыруына жолданды», – дейді ПД баспасөз қызметіндегілер.