Желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың сирек видеосы жарияланды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ескі кадрларда ақсақалдар Назарбаевқа бата беріп, қамшы сыйлап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Президенттің телерадио кешені Instagram желісінде Қазақстанның тұңғыш президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сирек видеосын жариялады.

Видеода 90 жылдардың басында Елбасының өңірлерді алғаш рет аралап жүрген кезі түсірілген. Ақсақалдармен кездесу барысында жергілікті қариялар тұңғыш президент Назарбаевқа бата беріп жатыр.

«Батаменен ел көгерер» демекші, бата беру дәстүрі — баға жетпес құндылығымыз және дәстүріміз. Сондай ізгі және мағынасы зор баталардың бірі – мемлекет басшына берілетін бата», — деп жазады президенттің телерадио кешені архив видеоның астына.

Кадрларда ақсақалдардың Елбасыға қамшы сыйлап жатқан сәті де бар.

«Қамшыны көрген кезде, бізді есіңізге ала жүріңіз», — дейді қарттардың бірі.

Тағы оқыңыз: Назарбаев отставкасы туралы: өзім де таңғалдым

Назарбаев жергілікті билік өкілдеріне көрсету керек деп жауап береді.

«Мына қамшыны аудан бастығына, совхоз бастығына көрсетіп қою керек екен анда-санда. Облыс басшынан бастап… Тәртіп болмаса, болмайды деген сөз ғой», — дейді тұңғыш президент әзіл-шыны аралас.



sputniknews.kz