желіде Назарбаевтың қолтаңбасы бар маңызды құжат жарияланды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Конституцияның жобасы республикалық БАҚ-та 1995 жылы 1 тамызда жарық көрген

НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасының баспасөз қызметі әлеуметтік желіде 1995 жылы қабылданған Конституцияның түпкілікті жобасының суретін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жалпыхалықтық талқылаудан кейін толықтырылып, өзгертілген Конституияның жобасы республикалық БАҚ беттерінде 1995 жылы 1 тамызда жарияланған.

«Бір ай өткен соң, 1995 жылы 30 тамызда осы мәселе бойынша жалпыұлттық референдум өтті. Референдум барысын қоғамдық бірлестіктер мен шет мемлекеттердің мыңға тарта өкілі бақылады. Дауыс беру нәтижесінде халықтың 89%-і Ата заңның жаңа жобасын қолдап дауыс берді», — деп жазылған Елбасы баспасөз қызметінің инстаграмдағы парақшасында.

Айта кетсек, бүгін қазақстандықтар Конституция күнін атап өтіп жатыр.

Қолданыстағы қазіргі Конституция жалпыхалықтық референдум негізінде 1995 жылдың 30 тамызында қабылданып, сол жылдың 5 қыркүйегінде күшіне енді. Ол 9 тарау және 98 баптан тұрады.



sputniknews.kz