Желіде Мөлдір Әуелбекованың «қайтыс болғаны» жайлы ақпарат тарады

0

Желіде қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекованың қайтыс болғаны жайлы ақпарат тарап кетті. Өнер иесі бұл жалған жаңалықты бірден жоққа шығарып, оны таратқан жандардың пасық әрекетіне жаға ұстады, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

тілшісі. Мөлдір Әуелбекова әлдекімдер таратқан қаралы хабарға пікір білдіріп, Instagram желісі арқылы жанкүйерлерімен байланысқа шықты. Әртіс өзі үшін алаңдаған қалың көпшілікке үндеу жасап, жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды. Белгілі болғандай, әлдекімдер Youtube желісінде арнайы видео жариялап, әншінің жол апатынан «қаза тапқанын» жазған. «Бүгін күні бойы маған алаңдап хабарласып жатқандарыңызға рахмет. Аллаға шүкір тірімін. Осындай жалған ақпарат таратқан адамға дауа жоқ», — деп жазды әнші.