Желіде медресе шәкірттеріне аяғын уқалатқан ұстаздың кім екені белгілі болды

Түркістан облысы Сарыағаштағы Сатыбалды Әбішұлы атындағы медреседе түсірілген видеоға қатысты білім басқармасы Nur.kz сайтына түсініктеме берді.
Желіде тараған видеода балалар ұстаздың аяғын уқалап отырғаны көрсетілген. Білім басқармасының мәлімдеуінше, видеодағы балалар медресе шәкірттері емес, бас ұстаз Әбдужаппар Смановтың немерелері екені анықталды.
«Видеодағы насихат айтып отырған ұстаз – Әбдужаппар Сманов. Оның жанында медресе шәкірттері емес, өз немерелері. Немерелері атасының батасын алу үшін құрметін осылай білдіреді», – деп мәлімдеді басқарма өкілі.