Желіде ер адамның егде жастағы әйелді аяусыз ұрып-соққан бейнежазбасы тарады

0

Желіде ер адамның егде жастағы әйелді аяусыз ұрып-соққан бейнежазбасы тарады.

Кейіннен оқиғаның Алматы қаласында орын алғаны белгілі болды.

Куәгерлердің айтуынша, алдымен екі әйел арасында жанжал туындаған, кейін оған ер адам қосылып, зейнеткерді ұра бастаған.

Күдікті анықталып, полицияға жеткізілген. Ол жәбірленушінің 50 жастағы ұлы болып шықты.

Осы оқиғаға қатысты Алматы полиция департаментінің орынбасары пікір білдірді.

«Алатау ауданы ПБ қызметкерлеріне құқықбұзушылар әрекетіне баға беру үшін қажетті дәлелдемелерді жедел жинап, есепке алу тапсырылды», – деді ПД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Тексеріс барысы мен нәтижелері Алматы полиция департаменті бақылауына алынған.