Желіде Бишімбаев ұсталған сәтте түсірілді деген сурет жарияланды (фото)
Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаев ұсталған сәтінде түсірілді деген сурет Желіде тарап кетті, — деп хабарлайды Kznews.kz Kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық экономика министрлігін бұрын басқарған Қуандық Бишімбаев түсірілді деген суретті блогер Олжас Мамыр Instagram-профилінде жариялады. Еске салайық, кеше, 9 қарашада бірқатар БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада ұсталғанын, елордалық мейрамханалардың бірінде әйелін өлімші етіп ұрып-соққаны хабарланды. Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел қаза тауып, жарақат алғанын растады. Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алайда полицейлер бұл іске қатысы бар адамдардың есімін атамаған. Бишімбаев ұсталғанын бүгін ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.
фото: tengrinews.kz