Желіде бір топ оқушының қатарластарын жаппай соққыға алған видеосы тарады
Әлеуметтік желіде 26 қаңтарда Гүлдер саябағында бір топ оқушының қатарластарын аяусыз соққыға жыққан бейнежазба тарады.
Тоқпақтың астында қалған оқушының жағдайы ауыр күйде ауруханаға жеткізілген.
Дәрігерлердің айтуынша, қыздың бірнеше қабырғасы сынған, миы шайқалған және тістегі брекеті де сынып қалған. Қызды соққыға жыққандар ата-аналасымен бірге полиция бөліміне жеткізілген.