Желіде Байбектің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады

0
Telegram желісінде Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі. 

Elmedia Telegram-каналының мәліметінше, Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбек қала әкімдігін басқарған кезінде «жемқорлық жасады» деген күдікке ілінген.

Бұдан да өзге ақпарат жарияланған жоқ.

Айта кетсек, Байбек 2013 жылдың қаңтарынан 2015 жылдың тамызына дейін “Nur-Otan” партиясының басшысының бірінші орынбасары, кейіннен 2015-2019 жылдар аралығында Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған.

2019 жылдың маусымда ол қайта “Nur-Otan” партия жетекшісінің бірінші орынбасары лауазымына қайта оралды.

2022 жылдың 28 қаңтарда өткен “Nur-Otan” съезінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев партия жұмысын сынға алып, оны жаңарту қажет деген мәлімдесінен кейін Байбек қызметінен кетті.

«Сыни кезеңде партияның бүкіл орасан зор кадрлық әлеуеті, оның барлық ауқымды инфрақұрылымы толығымен жұмыс жасамады», — деді Тоқаев.

Ол партияның құрылымын қайта қарауды, атап айтқанда, партия төрағасының бірінші орынбасары қызметінінің орнына жауапты хатшы лауазымын енгізуді ұсынды.