Желіде автобустың жанармай бекетін қиратып, адам өліміне ұшыратқан видеосы жарияланды

0

2018 жылғы 9 желтоқсан 16:17 241

Желіде автобустың жанармай бекетін қиратып, адам өліміне ұшыратқан видеосы жарияланды


АСТАНА. ҚазАқпарат — Дағыстанда автобус жанармай бекетін қиратып, бір адам мерт болды. Оқыс оқиғаның видеосы бейнебақылау камераларына түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 8 желтоқсан күні Дағыстанның Дербент ауданында болған.

Алдын ала ақпаратқа қарағанда, автобус жүргізушісі басқа автомобильмен соқтығысудан қашу мақсатында күрт солға бұрған. Алайда рульге ие бола алмай, автобус жанармай бекетінде жанармай құйып тұрған «Газельді» соққан. 

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, апат салдарынан фургон мен жанармай колонкасының арасында қалып қойған ер адам көз жұмған.