Желіде Айнұр Серғазиева мен Арман Әбдрасыловтың суреттері тарап кетті

0
829
Фото nege.kz Instagram парақшасынан алынды

Жыл басында әлеуметтік желілерде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі басшысының орынбасары болып тағайындалған Айнұр Серғазиеваға қатысты дау туып, талқыға түскен болатын, деп хабарлайды kznews.kz сайты nege.kz сайтына сілтеме жасап.

30 жастағы жаңа басшының қызметке лайықсыз екені айтылып, «Зерде» холдингінің Басқарма төрағасы Арман Әбдрасылов екеуінің байланысы, іс-сапарларға үнемі бірге барып, әлемдік брендтерден киім алатыны туралы қауесеттер тараған-ды. Оған Айнұр бәріне өзі жеткені, Louis Vuitton өнімдерін жеңілдікпен сатып алатынын айтып ақталды. Дегенмен бұрынғы басшысы Арманмен байланысы туралы пікір білдірмеді.

Серғазиеваның 2016 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-на маман болып жұмысқа тұрып, небәрі 5-6 жылдың ішінде лауазымды қызметке тағайындалғанына желідегі белсенділер сынмен қарады.

Ал кейбір желі белсенділері Арман Әбдрасылов Президент әкімшілігінің жетекшісі Мұрат Нұртілеудің туысы екенін жазады. Арман Әбдрасылов үйленген, балалары бар.

Енді Telegram-дағы каналдардың бірінде Арман мен Айнұрдың бірге түскен суреттері тарады. Олар kipyat.com сайтында жарияланған.