жекпе-жек Нұр-Сұлтандағы сайлау учаскелерінде көрсетіледі

0

Дауыс берушілер тікелей эфирде қазақстандық боксшының кездесуін тамашалай алады

НҰР-СҰЛТАН,  30 мамыр  —  Sputnik. Сайлаушылар қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллстың жекпе-жегін Нұр-Сұлтандағы сайлау учаскелерінде көре алады.

«Біздің белгілі боксшы Геннадий Головкиннің халық тағатсыздана күткен жекпе-жегі таңғы  сағат  7:00 мен 10:00 аралығында болады. Барлық сайлау учаскесінде дауыс беру залынан бөлек бөлме дайындап жатырмыз. Ол жерде Головкиннің жекпе-жегін тікелей эфирде тамашалауға болады», – деді елорда әкімінің орынбасары Ерлан Қаналимов.

Кездесу Madison Square Garden аренасында өтеді.

Тағы оқыңыз: Данияр Елеусінов Головкинмен арадағы дауға нүкте қойды

Әкім орынбасары сайлау күні астанада қоғамдық көлікпен тегін жүруге болатынын айтып өтті.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз