Жеке кәсіпкер ағымдағы шотты онлайн ашу үшін нені білу керек – Қазақстан жаңалықтары

0
75

Көпшiлiк арасында жеке кәсiпкерлер табыс көзін тапқан, нағыз пайдаға кеңелгендер деген стереотип бар.

Өз кәсібін бастаған адамның атқаратын орасан зор жұмысы әдетте сырт көзге майда-шүйде болып көрініп, кей сәттерде бағалаусыз қалып жататыны рас. Алайда, әлемдік және отандық тәжірибеге зер сала отырып, кәсіп  бастаған адамның өз жолында талай қиындықтарға кезігетінін түсіну қажет. Кәсіпкер алдынан шығатын қиындықтардың қатарына ағымдағы шотты ашу себебі туралы жеткіліксіз ақпарат және бухгалтерлік жұмысты дұрыс атқара алмау жатады. Осы орайда  ЦентрКредит Банкі отандық жеке кәсіпкерлер көздегеніне, мақсатына тезірек жетуі үшін мәселені оңтайлы әрі тегін әдіспен  шешудің жолдарын ұсынады.

Егер сіз кәсіпкер болсаңыз, онда қысқа мерзімде кеңсеңізден немесе үйіңізден шықпай-ақ «StarBusiness» мобильді қосымшасын пайдаланып, ағымдағы шотты онлайн аша аласыз. Мобильді қосымша арқылы сіз төлемдеріңізді бақылай аласыз. Сонымен қатар қосымша түрлі банк операцияларын жүргізуге мүмкіндік береді. 
Шотты ашу үшін бар болғаны жеке куәлігіңіз, жеке кәсіп ретінде тіркелгеніңізді реттейтін құжат болуы керек. Егер кәсібіңіз лицензияланған болса, банк лицензияңызды сұрауға құқылы.

Шот ашу үшін ұялы телефоныңызға Play Market немесе App Store сынды жүйеден “StarBusiness” қосымшасын жүктеуіңіз қажет. Қосымша жүктелген соң, ішіне ЖСН-ді, қай қалада тұратыныңызды және жүйеден sms-хаттарды алу үшін телефон нөміріңізді жазасыз.

Одан кейін шотты брондау шарттарымен және тарифпен танысып шығу қажет. 
Жоғарыда аталған жеке мәліметтерді енгізгеннен кейін, жүйе деректерді тексеріп, телефоныңызға уақытша пайдалануға арналған құпия сөзді жібереді. Сіз оны растайсыз, шот брондалады.  Сондай-ақ, жүйеден артынша хабарламамен шот нөмірі келеді. Бұдан басқа кәсіпкер мобильді қосымша арқылы өзінің реквизиттерімен серіктестерімен бөлісе алады.

Банк ұсынған шарттар бойынша брондау мерзімі 5 күн. Осы уақыт аралығында сіз бұған дейін қоңырау шалған менеджерге құжаттарыңыздың көшірмесін жіберуңіз керек. Сосын менеджер құжаттардың дұрыс немесе бұрысын тағы тексерген соң, электронды келісімшартқа қол қоясыз. Ұялы телефоныңызға шотыңыз ашылғаны жайлы хабарлама келеді. Бұл сізге банкке келместен шот ашуға, ал алдағы уақытта “StarBusiness” қосымшасы арқылы шотты қашықтықтан бақылауға мүмкіндік береді. 
Жалпы, бұл қосымшаның көмегімен жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар ақшаны конверсиялай алады. Конверсиялау қызметімен қаражатты кез-келген валютада серіктесіне немесе белгілі бір адамға жіберу мүмкіндігі де қарастырылған. Кәсіпкер көңілі қаласа, “Қызметкерді қосу” атқармасының көмегімен қоластында жұмыс істейтін мамандарды қосымшаға қосып, әрқайсысына өз саласы бойынша тапсырмасын орындатуға, тағы да бір шотты ашуға құқылы. Сондай-ақ, клиенттің онлайн-депозит ашып, шоттарын “StarBusiness” арқылы басқарып отыруға мүмкіндігі бар.

ЦентрКредит Банкі алғашқылардың бірі болып қазақстандықтарға шотты тегін ашуға, “Интернет-банкинг” жүйесіне және “StarBusiness”-ке қосылуға мүмкіндік берді.
“Тұтынушыларымызға алыстан отырып барлық қызмет көрсету үшін біздің банкті технологиялық қылуға тырысамыз. Қазақстандықтарға, отандық  кәсіпкерлерге өнімдеріміздің барлығы  мобильді қосымша арқылы қолжетімді, жұмыс істеуде қиыншылық туғызбайтындай болғанын қалаймыз. Банк жоғарыда аталған қосымшаны пайдаланатын клиенттерінің арасында жылдың соңына дейін созылатын науқан жариялады. «StarBusiness» қосымшасын пайдалана отырып, сіз әлеуметтік, зейнетақылық, сақтандыру төлемдерін тегін жүргізе аласыз”, – деді ЦентрКредит банкінің Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесісі Ишмуратов Тимур Жаксылыкович.

Маман мүмкіндікті жіберіп алмай, банк ұсынысын тағы да бір саралауға кеңес береді.

Кеңес алу үшін Банктің Call-орталығына келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуды өтінеміз: 

+7 (727) 244 30 44
605 – мобильді телефоннан тегін 

stan.kz