Жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған адам ұсталды — Тосын жай
Жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған адам ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жетісу аудандық полиция басқармасы осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады.
«Күдікті ұсталды. Жедел жәрдем бригадасының жүргізушісінің айтуынша, шабуыл жасаған ер адам белгісіз химиялық затты, болжаммен газ баллонын пайдаланған», — деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінедегілер.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән жайын толық айқындау үшін кешенді шаралар жүргізіліп жатқаны айтылады.
Осыған дейін, Алматыда жедел жәрдем жүргізушісінің бетіне оқ атылғаны туралы хабарланды.
Алматыда «103» Қызметінің 7/31 жедел жәрдем бригадасының мамандары көмек көрсету кезінде шабуыл жасалған. 11 желтоқсанда «103» пультіне хабар түсті. Фельдшер науқасты үйде қарап жатқан уақытта жедел жәрдем жүргізушісі көлікте отырған.
Фельдшер науқаспен бірге арнайы көлікке келгенде жүргізушіге алғашқы көмек көрсеткен. Қажетті көмек көрсеткеннен кейін қосымша тағы «103» пультіне хабарласып, екі бригада жіберуін сұраған. Ведомстводағылар шабуыл жасаған ер адам мен куәгер жүргізушіге көмек көрсетпегенін айтады.
«Жүргізуші оның газдалған тапанша еместігі туралы мәлімдеді», — деді басқармадағылар.
2013 жылыжедел жәрдем қызметкерлеріне екі рет шабуыл жасалды, 2014 жылы — 3 жағдай, 2015 жылы — 4 жағдай (олардың екеуінде жедел жәрдем қызметкерлері ауыр халде ауруханаға жеткізілді), 2016 жылы — 1 жағдай, 2018 жылы — 5 жағдай.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz