«Жазықсыз адвокатты 11 жылға соттады»: Қорғаушы Шаймерденов Жоғарғы соттан араша сұрайды

0

Адвокат ұзақ жылға сотталып кеткен әріптесіне Жоғары Соттан араша сұрады. Гүлнар Смағұловаға қатысты  іс Алматы қалалық  мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотта 2020 жылы қаралды. Қорғаушы Мейрам Шаймерденов өзінің әріптесіне шыққан үкім заңсыз деп санайды. Оның айтуынша, Гүлнар Смағұлова БЖЗҚ бұрынғы төрағасы Руслан Ерденаевтың қорғаушысы болған. Экс-төраға 12 жылға сотталып кеткен соң, оның туыстары ҰҚКД қызметкерлерінің және адвокаттардың үстінен пара алды және бопсалады деп арызданған. Адвокат Шаймерденовтың сөзінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ешқандай дәлел болмағандықтан, істі қысқартып тастаған. Алайда арада бір жыл өткенде Алматы қалалық ПД қос адавокаттың үстінен іс қозғап, сотқа жібереді. Бұл туралы KzNews тілшісі жазды.

«Гүлнар Смағұлованың заңсыз сотталғаны айқын көрініп тұр. Не себепті? Гүлнар Смағұлова зейнетақы қорына қатысты сотталған Ерденаевтың қорғаушысы болды. Ерденаев БЖЗҚ төрағасы болған кезде 6 миллиард теңгені жеке компанияға жіберіп, ақша офшор арқылы ұрланған. Осы қылмысқа қатысты Ерденаевтың үстінен іс қозғалып, қамауға алынды. Сол Ерденаевтың немере ағасы бар, Қарғандыда тұрады. Оның да фамилиясы Ерденаев. Сол ағасыадвокат Гүлнармен жақсы араласқан, таныс болған. Інісінің үстінен іс қозғалғанда ол Гүлнара Смағұловадан қорғаушы болуды сұраған. Ерденаевтың ісін ҰҚКД тергеген. Сол тергеуде Ерденваеқа қылмысын мойындау туралы ұсыныс болған. Қордағы қаржыны ұрлауға өзгеде қатысы бар басшыларды айтып берсе, онда жаңағы процессуалды келісім арқылы жазасын азайтуға келіскен. Сол екі арадағы параны екінші адвокат Блокқа кім, қалай бергені белгісіз. Сол кезде Ерденаевтың ағасы әңгімелердің бәрін диктафонға жазып отырған.  Соңында Ерденаев қылмысын мойындаудан бас тартты да, 12 жылға сотталды. Экс-төраға сотталған соң, оның туыстары адвокаттардан ақшаны қайтар деп деген. Бұл жерде параға Гүлнар Смағұлованың ешқандай қатысы жоқ», — деді сотталған Смағұлованың қорғаушысы М.Шаймерденов.

Экс-төрағаның қылмысы дәлелденіп, Ерденаевқа 2018 жылдың 18-сәуірінде үкім шығады.  Бұдан соң Ерденаевтың әйелі мен ағасы бас прокуратураға арызданған. Онда тергеу ісінде БЖЗҚ экс-төрағасына көмектесіп, жауапты тұлғаларға 150 мың АҚШ  долларын беру үшін  адвокаттардың алғаны айтылған. Бірақ делдалдық әрекетпен екінші адвокат Александр Блок айналысады. Өйкені, ондай мәселелерді шешетіндей адвокат Гүлнар Смағұлованың  таныстары да, мүмкіндігі де, беделі де  болмаған. Бірақ Смағұлова прссецуалдық келісім жолында ара ағайындық арқылы мәселені оңтайлы  шешуді қолдаған. Олардың бұл әңгімесін Ерденаевтың туыстары жазып жүрген. Туыстары Ерденаев сотталып кеткен соң, жан жаққа арыз жібереді. Айлада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҰҚКД қатысты арызды негізсіз деп тауып, істі жауып тастайды. Есесіне, қос адвокаттың үстінен Полиция ҚР ҚК 190 бабы және 367 бабымен іс қозғаған.

«Ерденаевтың ағасы мен әйелі Бас прокуратураға ҰҚКД қызметкерлерін жауапқа тарту туралы арызданады. Олар пара алды деп арызданған. Бұл істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігі қарап, қысқартқан. Бірақ соған қарамастан бұл іспен Алматы қалалық ПД айналысып, адвокаттардың үстінен алаяқтық деп іс қозғап, сотқа жіберген. Бірақ,  бұл іске ең басты дәлел – Ерденаевтың аудиотаспасы ғана. Ол кімнің не деп сөйлескенінің бәрін іс қозғағанға дейін, бір жыл бұрын жазып жүрген. Жоғарғы Соттың 2006 жылы 20 сәуірде шығарған  №4 қаулысы бар. Сол қаулы 21 бапқа сүйене отырып жазылған. «Аудио немесе видео түрінде бөтен адамды заңсыз жасырын жазып алса, ол дәлелге жатпайды» делінген. Бірақ ол жазбаларды тергеу мен сот дәлелді деп шығарған. Сөйтіп адвокат Гүлнар Смағұлова 11 жылға сотталды. Сотта көптеген процессуалдық істер бұзылған. Оған не сот, не тергеу саласы мән бермеген. Жоғарғы Сотқа кассациялық қарауға жібердік. Өндіріске әлі алынбаған, Жоғарғы Сот әділ шешім шығарып, жазықсыз жаламен сотталған адамды ақтайды деп үміттенеміз. Адвокат Гүлнұр Смағұлова 56 жаста,  заңсыз 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Үйінде кәмелеттік жасқа толмаған кішкентай ұлы қалды. Қазір көптеген оң өзгерістер болып жатыр. Бұрын заңыз шыққан үкімдер бұзылып жатыр, қайтадан қарауға жіберіліп жатыр. Дәл осы Гүлнар Смағұлова заңсыз, жазықсыз сотталған. Олардың ауызша айтқандарына ешқандай дәлел жоқ. Қылмыс үстінде ұсталып, тергеу сотымен санкция салынса, онда басқаша, ол кезде адвокат Смағұлованы кінәсіз деп айтпас едік. Ал бұл жерде бір жыл бұрын біреудің, үшінші адамның сырттан жазып жүргені аудиосының негізінде үкім шығарып отыр», — деді адвокат Мейрам Шаймерденов.

2020 жылдың 20-қазанында Алматы қалалық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Е.Қ.Майшинов адвокат Гүлнар Смағұловаға үкім шығарады. Адвокат сот залынан қамауға алынған. Ол қазір Алматы облысында Жауғашты ауылындағы Ла155/4 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Бірақ, заңсыз, дәлелсіз сотталдым деген Смағұлова өзіне тағылған айыпты үкім кезінде де мойындамаған. Шаймерденовтың сөзінше, халықтың 6 миллиард ақшасын ұрлаған адамды 12 жылға, ал еш қылмысы делелденбесе де аудио жазбаның негізінде  егде жастағы әйелді 11 жылға соттау әділетсіздік.

«2019 жылы 24-қыркүйекте іс қысқарады. Бірақ сот сараптамасы 2019 жылы қараша айында шығады. Сонда сараптаманы істі қысқартып тастаған соң жүргізеді. Егер сот сараптамасы жасалса ол тергеу соты кезінде жасалуы тиіс. Екінші кемшілік, тергеудің біресе тоқтап, біресе қайта басталып, өте ұзаққа созылуы. Үшінші кемшілік, аудио тасбалар түсініксіз. Іске мүлдем басқа дискілер қосылған. Ол қайдан келген жазбалар? Сосын ҚР ҚК 367 бабымен Алматының ПД іс қозғайды. Бұл «пара беру» бабы. Бірақ ол баппен актикордың ғана құқығы бар іс қозғауға. Полицияның құқығы жоқ. Сот оған да мән берген жоқ. Біздің өтінішке қараған да жоқ. Үкімге оны жазбаған. Олар қалай жазады?! Заң бұзылып отыр, сот оны біліп отыр. Іс жүргізу кодексінің талаптарын өрескел бұзған. Адам заңсыз 11 жылға жайдан-жай сотталып кеткен.

Біз біліп отырмыз, қазір жағдай өзгеріп, көп азаматтар бостандыққа шықты. Ең бастысы жоғары сот осы істі қараса, әділ үкім шығарса. Үмітіміз Жоғарғы Сотта.  БЖЗҚ қорының төрағасы Ерденаев 6 миллиард теңге ұрлап, 12 жылға сотталады. Ал оның адвокатында қандай кінә бар? Ол өзінің жұмысын атқарды. Оған жалған жала жауып, соттап отыр. Ең басты дәлел бір жыл бұрын диктафонға Ерденавтың ағасының жазып алғаны жазбасы ғанан. Бірақ ол дәлел заңсыз. Оның үстіне, ондай жазбалардың дәлелге жарамсыз екені туралы Жоғары соттың қаулысы бар, анық жазылған. Дәл осындай іс 2018 жылы Астанада болған. Онда дәл осындай дәлелмен келген екі сотталушыны қалалық сот ақтап, үкімнің күшін жойған. Қалай сонда?  Заң бүкіл ел бойынша бірдей болу керек қой. Яғни үшінші тараптың диктафонға жазғаны Нұр-Сұлтан қаласында дәлел емес, ал Алматыда дәлел ретінде алып, жазықсыз адамды 11 жылға соттайды», — деді Смағұлованың қорғаушысы.