Жазушыны зорламақ болды деген күдікке ілінген Трамп кінәлі деп табылды

0

Нью-Йорктегі алқабилер соты АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трампты журналист және жазушы Жан Кэрроллды зорлау әрекеті үшін кінәлі деп тапты. Бұл туралы CNN хабарлады.

Сот Трампқа екі миллион доллар өтемақы төлеуге бұйрық берді. Сонымен қатар ол Кэрролға жала жапқаны және оның беделіне нұқсан келтіргені үшін тағы 3 миллион доллар аударуы керек еді.

Ақпарат: http://t.me/orda_kz

Фото: ura.ru