ЖАЗИРА ҚОШАНОВА GULDASHOP ДҮКЕНІНІҢ БЕТ-БЕЙНЕСІНЕ АЙНАЛДЫ

0

Әнші, «Қоңыр» тобының бұрыңғы мүшесі Жазира Қошанова  Guldashop  дүкенінің бет-бейнесіне айналды. Бұдан былай әнші тек сол дүкеннің киімін киеді. Осындай 1 жылдық келісімшарт жасалып, фотосессия да түсірілген екен.

 

Guldashop дүкені бұған дейін Астана мен Қостанайда 4-5 филиалы ашылған.  Алматыдан ашылып тұрған – бірінші дүкен. Ол кішкентай ғана бутик емес, кәдімгі үлкен дүкен. Онда барлық класқа арналған бренд киімі екен. Оған қоса, күнделікті киімнен бастап, кешкі кездесуге киетін көйлекке дейін бар. Киім негізінен Гуанджоу, Корея және Турциядан арнайы тіктіріліп алынады.

Әншінің PR директоры Талғат Қалжанның айтуынша, Жазира Малазияда басталған модельдік бизнесті, енді Қазақстанда жалғастыратын болған. «Дүкен қарашаның басында ашылған. Бірақ ол кезде дүкеннің иесі Гүлдана ханым бізбен байланыса алмаған. Артынан хабарласып, өзіне шақырып, дүкенімен таныстырды. Киімдері шын мәнінде, люкс вариантта екен. Содан Жазираға дүкеннің бет-бейнесі болуға ұсыныс жасады»,– дейді ол.

Ойлана келе, әнші келісіп, Гүлдана ханыммен бір жылдық келісімшартқа отырған.  Сол дүкендегі көйлектермен фотосессия жасалған. Осы жолы фотосессияны шетелдік фотограф жасаса, ендігі түсірілім шетелдің өзінде болуы ықтимал.

  • Әрине, қазір әншіліктен гөрі, модельдік бизнеске ұсыныс көп түсуде. Бірақ әншілікті тастамаймын. Жақында ғана Бауыржан Беймахан деген сазгерге тапсырыс беріп, «Bay-bay» әнін жаздырттық. Жігіттерге арнау десе де болады. Себебі, соңғы кезде жеке өміріме көңіл бөлуі көбейіп кетті. Сондықтан олардың өмірімнен гөрі, өнеріме көңіл бөлуін қалаймын, – деді Жазира Қошанова.

Енді әнші осы фотосессиядан кейін қандай кездесу болсын, той-томалақ, концерт, түсірілім болсын, барлық жерге тек сол дүкеннің ғана киімін киетін болады. Шарт бойынша дүкенді өз парақшасында белгілеп отырады. PR директорының айтуынша, бүгінде жарнама ретінде бұдан басқа тағы екі ұсыныс түскен. Бұйырса, алдағы уақытта әнші қала ішіндегі билборттарға да шығуы мүмкін.

Бұған дейін әнші Малазияда, Камбоджа, Сингапур, Индонезияда подиумға шығып, сән үлгілерін көрсеткен. Ерекшелігі – олардың көйлектері хиджабқа ұқсас, басына орамал таққан. Ал ашық-шашық киіммен, бикинимен шығатын ұсыныстардың ақысы жақсы болса да әнші оған келіспеген. «Малазиядан қайтуға екі ай қалғанда. Бір компаниядан хабарласып, Қытайдың ұйымдастыруымен «Успешная женщина» деген байқау бар. Бұл байқау Малазияда екінші рет өтеді екен. Соған Жазира Қытай елінің атынан шығуға ұсыныс жасалып, гонорар да, пәтер де, көлік те берілетін болған. Тіпті  «Амбасадор» деген төрт елге өтімді атақ та бар.  Шыны керек, бастапқыда мұндай ұсынысты ес тігенде «ондай да бола ма» деп таңғалқанбыз. Бірақ өз ұлтын сүйетін қазақ қызына тән емес деп, одан бас тарттық. Алайда жағдайын күйттейтін адамға бұл өте жақсы ұсыныс еді» дейді Талғат Қалжан.

 

Анар ҚОНЫС