Жазира Байырбекова анасының ауыр сырқаты жайлы айтты

0

Әнші Жазира Байырбекова анасының ауыр сырқаты жайлы айтты. Өнер иесі оны емдету үшін арнайы Кореяға барған. Алайда дәрігерлер анасына ауыр диагноз қойып, кез-келген уақытта бақилық болуы мүмкін екенін айтқан, деп жазады Kznews.kz жаңалықтар порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Жазира Байырбекова бұл туралы Instagram парақшасында сыр шертті. Ол анасының ұзақ өмір сүруі үшін не істегенін айтты.

«Осыдан 7-8 жыл бұрын мамамды Кореяға емдетуге апаратынымды айтып, профессормен ақылдасқанымда, қайда апарсам да нәтиже болмайтынын айтты. «Миына қан құйылған кез келген уақытта шығарып салуға дайын жүріңдер» деді. Сонда Алладан жалынып «анама тағы ең болмағанда 5 жыл берші. Анама жақсылық жасап әлі үлгермеген бауырларыма мүмкіндік берші» деп сұрадым. Содан бері анам бала сияқты болса да, ақыл кеңес айтуға қауқары болмаса да әйтеуір көз алдымызда. Аллаға сансыз шүкір. Шын тілегенімді ескерусіз қалдырмайтынына тағы бір дәлел осы», — деп жазды ол.