Жаз жарты жылға созылады — ғалымдар
Қытай ғалымдары 2100 жылға қарай ғаламдық жылыну салдарынан жаз орташа есеппен алты айға созылуы мүмкін екенін айтты. Мұндай өзгерістер адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің өміріне әсер етеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Geophysical Research Letters ғылыми журналына сілтеме жасап.
Ғалымдар 1952 жылдан 2011 жылға дейін жаз мезгілінің ұзақтығы 78-ден 95 күнге дейін, ал қыстың ұзақтығы 73 күнге дейін қысқарғанын анықтады. Жыл мезгілдерінің ең үлкен өзгерістері Жерорта теңізі мен Тибет таулы аймақтарында болды.
«Біз солтүстік жарты шарда жаздың ұзарғанын және қыстың қысқарғанын анықтадық. Көктем мен күз қысқарақ. Ғаламдық жылынудың қазіргі қарқыны өзгермесе де, болашақта жыл мезгілдерінің уақыты өзгереді. Болжам бойынша, 2100 жылға қарай, жаз алты айға созылады, ал қыс — екі айдан аз болады», — дейді ғалымдар.
Мұндай өзгерістер, ғалымдардың пікірінше, ауыл шаруашылығындағы күрделі мәселелерге, құстардың маусымдық қоныс аударуындағы үзілістерге әкеледі. Аллергиямен ауыратындар және қан қысымының жоғарылауымен немесе төмендігімен ауыратын адамдарға қиын болады.