Жауын жауып, жел күшейеді: Алдағы 3 күнге ауа райы болжамы

0
0

Синоптиктер 23-25 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Аптаның ортасынан бастап Қазақстанның солтүстігі мен шығысына атлантикалық циклон әсер етуін жалғастырады.

Соның әсерінен жауын-шашын жауып, жел күшейеді. Өңірде күзгі салқын ауа райы сақталады.

Аптаның соңына қарай ел аумағының басым бөлігінде ауа райы Батыс антициклонының ықпалында болады.

Салдарынан жауын-шашын біртіндеп басылады. Елдің оңтүстік-шығысында кей жерлерде үсік жүреді. Тек еліміздің батысында ғана құрғақ және жылы ауа райы сақталады.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз