Жауын-Шашын: Қарашаның 7-сі күнгі ауа райы болжамы

0

«Қазгидромет» РМК-сы қарашаның 7-сі күнгі ауа райы болжамын жариялады.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстан территориясының басым бөлігіндегі ауа райына Мурманск аймағынан келетін циклон ықпал етіп, күн жауын-шашынды болады.

Республиканың кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Тұман түсіп, батыс пен солтүстікте көктайғақ болады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысы антициклон жотасының ықпалында болғандықтан, аталған аймақтарда күн жауын-шашынсыз болады.

Ақмола, Атырау, Қостанай, күндіз Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, күндіз көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында, Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.