Жаттығу қызу жүріп жатыр — Әлімханұлы келесі жекпе-жегі туралы — Бокс

0

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегінің қашан өтетінін мәлімеді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

«2 ақпанда Американың Техас штаты, Фриско қаласында Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы 5 жекпе-жегін өткізеді. Қарсылас осы аптада белгілі болады. Жаттығу қызу жүріп жатыр», — деп жазылған Facebook желісіндегі
Janibek Alimkhanuly team парақшасында.

Еске салайық, соңғы рет 25 жастағы Әлімханұлы Техас штатындағы Эль-Пасо қаласындағы бокс кешінде шаршы алаңға шыққан. Оның қарсыласы «Айуан» лақап атымен танылған жергілікті боксшы Вон Александер (12-2, 8 КО) болды. Жекпе-жек толық сегіз раунда өтіп, қазақстандық боксшы төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Әлімханұлы төрт жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті (біреуі нокаутпен) және АҚШ-та екінші рет жұдырықтасты.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz