«Жасыру мүмкін емес болып кетті»: Дина Төреәлі жақсы жаңалығын көпке жария етті (фото)

0

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің отбасында тағы бір қуанышты жағдай орын алуда. Жақында ғана үлкен қарындасы Фариза Төреәлі тұңғышын дүниеге әкелсе, енді кіші қарындасы Дина Төреәлі қалың көпшілікке аяғы ауыр екенін жария етті, деп жазады Kaz.nur.kz

Дина Төреәлі жақында алғаш рет ана атанбақ. Блогер ару бұл қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында жария етті. Ол көпшілік назарына ішін ұстап түскен суреттерін ұсынып, елдің ыстық ықыласына ие болды.

«Раббымның қалауымен жүрегімнің астында тағы бір жүрекше соғуда», — деп жазды Дина.

фото: әлеуметтік желіден