Жасы жүзден асқан қария 9 мың баланың әкесі болып шықты
Детройттық 104 жастағы Филипп Певен 40 жыл дәрігер болып жұмыс істеп, әйелдерді ұрықтандырған. Нәтижесінде оның 9 мың баласы бар болып шықты, деп хабарлайды The Sun басылымы.
Басылым ақпаратынша, ер адам жүкті болғысы келген әйелдердің барлығына шәует доноры болған. Оның биологиялық қыздарының бірі өз әкесін іздеп, ДНҚ тест тапсырған. Нәтижесінде ол өзінің биологиялық әкесі Филипп Певен екенін білді.
Артынша бойжеткен қаны бір бауырларын іздеуге кіріседі. 2020 жылдың қаңтар айында Холл Певенмен жолығуға шешім қабылдайды. Зейнеткер әке көп жағдайда өз шәуетін пайдаланғанын мойындады. Сондай-ақ, ол кейде әріптес дәрігерлердің де донор болғанын айтты.
Холл және оның биологиялық бауырлары әкелерінің бір екенін естіп қуанған.
«Мен бұл жерде еш жаманшылық көріп тұрған жоқпын. Біздің аналарымыз және басқа әйелдер оған көмек сұрап келген. Ол бар болғаны сұрағандарын берді. Мен, расымен де, оның адамдарға көмектескісі келгеніне сенемін», — деді бойжеткен.