Жасы 16-дан асқандарға жынысын ауыстыруға рұқсат берілмек
Швейцарияда трансгендерлік теңдікті ту еткен жаңа заңның арқасында жасөспірімдер жынысын ауыстыру туралы құжатты еш анықтамасыз-ақ алатын болды. Бұл мүмкіндікті қарастыратын заң 2022 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енбек, деп жазды kznews.kz сайты turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
«Reuters» агенттігінің мәліметінше, Швейцария тұрғындарына өз жынысын ауыстыруға қатысты құжатты заңды түрде беру мәселесі шешімін тапты. Енді келесі жылдың басынан бастап 16 жастан асқан кез келген азамат өз жынысын ауыстыру мүмкіндігіне ие болады. Яғни, ешқандай медициналық тексерусіз, арнайы анықтамасыз-ақ АХАЖ-ға барып, қажетті құжатты алады.
Мұндай шешім елдегі трансгендерлердің ыңғайына орайластырылып шығарылған.
Осылайша, Швейцария еш дәлелсіз және анықтамасыз, заңды түрде өз қалауымен жынысын ауыстыру құжатын алуға мүмкіндік беретін Бельгия, Ирландия және Португалия сияқты санаулы елдердің қатарына қосылды.