Жастарға артылған аманат | «Айқын» газеті

0

Астанада «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жас­тар қанатының ұйымдасты­руымен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясын­да іс-шара өтті. 

Жастарды еңбекқорлыққа тәр­бие­лейтін бұл шараның маңызы зор. Астана қалалық партия филиалы «Ұлы даланың жеті қыры» мақа­ла­сында өткен тарихы­мызды түгендеп, келешек ұрпаққа наси­хаттау аясында көптеген іс-шара өткі­зіп келеді. Ұрпақтар арасындағы сабақтас­тық­тың жал­­ғасуы қоғам үшін өте қажет. Өткен тари­хымызды танып, құнды­лы­ғын жастар­ға ұғындыруда аға буын­ның еңбегі орасан. Ұлттық рух­ты сақ­тай­тын мұраларымызды қазіргі қоғамда жан-жақты насихаттаудың жолы көп. Екі толқын арасындағы бай­ла­ныс арқылы тарихымыз сақ­талып, бо­лашақ даму бағыты анықталады.
2015 жылдан бастап жүзеге асып келе жатқан «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы жастардың рухани дамуына ықпалы зор. «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қала­лық филиалының төрағасы Мархат Қа­сы­мов іс-шара­ның маңыз­дылығын атап өтті.
– Жастар – қоғамды дамытушы күш. Аға буын келешек ұрпаққа сенеді. Өсіп келе жатқан жастарға үміт артады. Сон­дықтан еліміздің дамуы үшін бар күш-жігерімізді жұмсауға дайынбыз. Жастарға Отан, туған жер, ел алдындағы жауап­кер­шілікті насихат­тай­тын жиын­дар маңызды. Өз пікірін айтып, талқы­лап, талдап, ой­ларын ортаға салады. Елбасының «Бола­шақ­қа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы да­ланың жеті қыры» ма­қала­сын­дағы тап­сыр­ма­ларды жүзеге асы­руда көптеген жоба жа­сап, іске асыр­дық. Игі баста­ма­лар әрі қа­рай жалғаса береді, – деді Мархат Қасымов.

Майра ЖАНЫСБАЙ