Жастарға айтар ақылым… Президенттің цитаталары

0

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы биылғы Қазан Жолдауында келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынған еді. Осылайша, 2019 жыл — Жастар жылы болып бекітілді.

Елбасының Тәуелсіздік жылдары жарық көрген кітаптары, мақалалары, жасаған баяндамалары мен айтқан сөздерінде жастар мәселесі кеңінен қамтылған. Олардың арасында қанатты сөзге айналып кеткен тіркестер де жетерлік. Оқырмандарға солардың бірерін ұсынып отырмыз.

***

Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман.

***

Өсер елдің баласы арманшыл болса, өшер елдің баласы жанжалшыл болады.

***

Жастарға айтар ақылым: бақытты өмірді басқа жерден іздемеңдер.

***

Болашақ жаман немесе жақсы бола алмайды. Ол, біз оны қалай қалыптастырсақ, сондай ғана болады.

Жастарға айтар ақылым... Президенттің цитаталары

***

Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман.

***

Оқу, үйрену – ұят емес, надандықта қалып, одан арылуға талпынбау ұят.

***

Өмір толассыз өзгеріп жатыр: бір кездегі білген аздық етеді.

***

Бүгін жастар алдында бар әлемнің есігі ашық.

Жастарға айтар ақылым... Президенттің цитаталары

Біздің бала кезімізде ауыл мектебінде кітап аз болды. Біз кішкентай кітапханадағы барлық кітапты оқып шықтық. Қазір кітап деген көп, қайсысын таңдап оқырыңды білмейсің.

***

Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді.

***

«Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс.

Жастарға айтар ақылым... Президенттің цитаталары

***

Мен сендерге қызығамын. Менің кезімде және мен сендер сияқты жас болғанда осылай білім алуға және өз Отаныңда ауқымды проблемаларды шешуге мүмкіндіктер болмады.

***

Өзгелер салған сүрлеуге түсіп, бөтен іздің шаңын жұту Қазақстан жастарының таңдауы емес.

***

Қазіргі бәсеке заманында қажыр-қайратың, ынта-жігерің, тынымсыз ізденісің болмаса, көштен қалу оп-оңай.

Жастарға айтар ақылым... Президенттің цитаталары

***

Жас кезінде үлкен іске құлаш сермемеген жаннан жасы ұлғайғанда үлкен нәтиже күтудің өзі бекершілік.

***

Еңбек адамға табыс береді, еңбек адамға дәреже береді, еңбек адамға лауазым береді. Арманына жеткізеді. Еңбексіз адам арманына жете алмайды.

***

Алыс жол алғашқы адымнан басталады.

Жастарға айтар ақылым... Президенттің цитаталары

***

Мемлекет сіздердің алдарыңыздан жаңа мүмкіндіктер ашылуы үшін барлығын жасауда. Олар – сіздердің ата-аналарыңыз тіпті ойлап та көрмеген мүмкіндіктер.

***

…өз өміріңнің қожасы өзің болуың – кез-келген қазынадан бағалы.

***

Ұмтылсаң-ұтарсың.

Жастарға айтар ақылым... Президенттің цитаталары

***

Әр адам жас кезінен бастап үлкен нәрселерді армандап, соған қол жеткізуге ұмтылуы керек деп есептеймін… Егер тіпті армандаған биігіңнің жартысына жетсең, қалыпты өмір сүретін боласың.

***

Ең бастысы той тойлау емес, ең бастысы – ой ойлау.

***

Еліміздің басты байлығы, ең қастерлі қазынасы жердің астында да емес, үстінде де емес – адамдарымыздың жүрегінде.

Жастарға айтар ақылым... Президенттің цитаталары

***

Жалпы, жастардың спортқа ұмтылысы болғаны жақсы, бұл әдет адам бойында өмір бойы қалып қояды. Өзіңді әрдайым бабыңда ұстау керек.

Жастарға айтар ақылым... Президенттің цитаталары

***

Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция.

***

Адамға, оның білім алуына, мәдениетке қаржы салу – бұл мемлекеттің болашағына қаржы салу.

***

Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзенті сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше, біздің жұмысымыз ілгері баспайды.

Жастарға айтар ақылым... Президенттің цитаталары

***

Біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. Қазақстаннан тыс жерде жұмақ жоқ. Еш жерде, әлемнің ешбір елінде бәріне бірден ие болу мүмкін емес.

***

Ештеңе де өзінен-өзі аспаннан аяғы салбырап түсе қалмайды. Өсу, тұрақты даму жағдайына жету үшін де белгілі бір кезеңдерден өту қажет…

Жастарға айтар ақылым... Президенттің цитаталары

***

Қара жамылмаңдар, бұл қазақтарға, жалпы баршамызға мүлдем тән емес.

***

Өткеннің өнегесі – бүгінгінің баға жетпес байлығы.

***

Өткенге қарап, ертеңіңді түзе.

***

Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін.

Жастарға айтар ақылым... Президенттің цитаталары

***

Қандай байлық болмасын, оның түбі бір сарқылатыны хақ. Сарқылмайтын, терең бойлаған сайын, керісінше, еселеп, арта беретін бір байлық бар, ол – білім…

***

Адам оқуға қабілетін жоғалтқан кезден бастап қартайғандық бел алады.

***

Айқын мақсатсыз адам да, билік жүргізуші құрылым да, қоғам да өмір сүре алмайды.

Жастарға айтар ақылым... Президенттің цитаталары

***

Жұмыс істегісі келгендердің бәрі жұмыс табады және бір емес, екі жұмыс тауып, еңбекақы алу мүмкіндігі бар. Тек ниет болуы керек.

***

Сендердің білімдерің – ол сендердің еңбектеріңнің нәтижесі.

***

Сендер өздігінен білім алуға неғұрлым көбірек еңбектенсеңдер, соғұрлым көбірек білетін боласыңдар.

Жастарға айтар ақылым... Президенттің цитаталары

***

Мен қазақстандықтарға, әсіресе жастарға тағы да айтамын: кітап оқыңыздар! Бүгінде ұлттың бәсекеге қабілеттілігі оның білім деңгейіне байланысты. Кітап адамды жан-жақты дамытады, ой-өресін кеңейтеді.

***

Мен сендерді Интернет алмастыра алмайтын белсенді түрде жан-жақты дамуға, спортпен, өнермен айналысуға, шет тілдерді үйренуге, отандық және әлемдік әдебиеттің терең мұраларын танып-білуге шақырамын.

***

Қазір қол қусырып қарап отыруға болмайды.

Жастарға айтар ақылым... Президенттің цитаталары

***

«Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» тіршілік жасау бізге жат қылық болуы тиіс.

***

Сендер, тәуелсіз Қазақстанның келешегі үшін тарихи жауапкершілік арқалайтын азаматсыңдар.

***

Алдағы уақытта Қазақ елінің табысты жолын лайықты жалғастыру сендердің еншілеріңде.

Жастарға айтар ақылым... Президенттің цитаталары

***

Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ғылымда.

***

Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс.

***

…ең бастысы, әрқайсыңды өз салаларыңда әлемнің ең озық мамандарымен иық тiрестірiп, қатар тұра алатындай деңгейге көтерілуге шақырамын.

***

Жаңа буын өзгерістерден қаймықпай, керісінше, өршіл, серпінді жобаларды ұсынуы тиіс.

***

Өзіндік ортада туған, бәсекеге қабілетті тұлға, алдымен, өз халқының мәдениеті мен тілін білуі керек.

***

Біздің қоғамда адал еңбекті терең біліммен ұштастырған ғана табысқа жете алатынын қаперден шығармаған абзал.

***

Сіздер жақсы уақытта өмір сүріп, болашаққа нық қадам басып бара жатқан елмен бірге өсіп келесіздер.

***

Ел болашағының баянды болмағы баста бұлықсыған білім мен қолда ойнаған еңбекке байланысты.

***

Беталысы күнде өзгерген алмағайып дүниеде адамзат үшін ешқашан өзгермеген, өзгермейтін темірқазықтар бар. Ол – білім! Ол – еңбек!

Жастарға айтар ақылым... Президенттің цитаталары

***

Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады.

***

Ал кейінгі толқын жастарға айтарым: Сендер – болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер…

***

Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер.

Жастарға айтар ақылым... Президенттің цитаталары

Дереккөз: автор материалдары, Елбасының БАҚ-қа берген сұхбаттары, баяндамалары, «Жылдар мен ойлар», «Еркін елдің ертеңі» кітаптары, Аkorda.kz сайты.

Фото: Бауыржан Жуасбаев, Baq.kz, Аkorda.kz.

Материал тез арада Microsoft PowerPoint немесе басқа форматта презентация жасауға слайдтарға бөлініп бейімделген болуы мүмкін.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ