Жастар – еліміздің қазіргі әлем­дегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы

0
170

Қадірлі қауым!

Баршаңызды Жастар жылының басталуымен шын жүректен құт­тық­таймын!

Бұл – мемлекет тарапынан өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған маңызды қадам.

Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз.

Сондықтан менің Жарлығыммен 2019 жыл «Жастар жылы» деп жария­ланғанын білесіздер.

Біз бабаларымыз аңсаған Тәуел­сіздікке қол жеткізіп, Ұлы дала төсінде әлем мо­йындаған мемлекет құрдық. Есіл­дің жағасында еңселі елордамыз – Ас­та­наны тұрғызып, тарихта бұрын-соң­ды бол­маған зор жетістікке қол жеткіз­дік. Жүзеге асырылып жатқан шара­лар­дың бәрі егемен еліміздің болашағы – сіздер үшін жасалып отыр.

Қымбатты достар!

Бүгінде біздің өміріміздің барлық саласы – білім беру, жұмыс, отбасы, тіпті бір-бі­рімізбен қалай сөйлесетінімізге дейін елеулі өзгеріске ұшырап отыр. Осының бәрі әрбір адамның даму траекториясына және тұтастай алғанда, бүкіл әлемге түбегейлі ықпал етеді.

Көз алдымызда цифрлы қоғамы мен білім экономикасы бар жаңа жаһандық өрке­ниет туып келеді.

Біздің ел уақыттың осы талаптарына сай болуы тиіс. Сондықтан қабылданып жат­қан бар­лық күш-жігер елді болашақ сер­піліс­ке әзірлеуді діттейді және қуат­ты Қазақ­станды құруға бағытталған.

Жастар – еліміздің қазіргі әлем­дегі бәсекеге қабілеттілігінің негіз­гі фак­­торы. Қазақстанның бола­ша­ғы сіздерге – сіздердің білімдер­іңі­з­ге, энергияларыңыз бен патрио­­тизм­-

­деріңізге байланысты. Біз қазір жа­сап жатқанның бәрі сіз­дер­дің бақытты өмірлеріңіз үшін, сіздер өз әлеует­теріңіз бен мүмкіндіктеріңізді толық мәнде жүзеге асыра алуларыңыз үшін жа­салып жатыр.

Сіздермен кездесудің алдында ғана маған бірқатар жастар жобасы таныстырылды. Бұлар – киім, спорттық тағамдар өн­дірісі, интерактивті сервистік платформалар. Біздің жастарымыздың нарық ахуа­лын шынайы бағалайтыны, бос кеңіс­тік­терді іздейтіні және мейлінше бәсекеге қабілетті өнім ұсынуға тырысатыны мақтанарлық жайт. Мұндай қадамның ең басты ар­тық­шылығы сол, сіздер өз сұраныстарыңызды өздеріңіз анықтайсыздар.

Әрбір жоба қызықты әрі назар ауда­руға тұрады. Үкімет осы идеяларды жү­зеге асыруды айрықша бақылауға алуы және оларды ілгерілетуге жәрдемдесуі тиіс деп пайымдаймын.

Бүгінде Қазақстанда жастарды әлеу­меттік-мәдени бейімдеу мәселелерін ше­шу, жас адамдардың бәсекелік қабілетін дамыту өзекті болып отыр.

Жастар жылында біз жас қазақ­стан­­-

дық­тардың маңызды қажетті­лікте­рін қамтамасыз етуге бағытталған қара­пайым және түсінікті қолдау құралдарын әзір­леуге тиіспіз.  Бұл – ең алдымен, қолжетімді және са­палы білім, жұмыстың болуы, баспана және отбасын құру мүмкіндігі. Осыған байланысты Үкіметке келесі шараларды пысықтауды тапсырамын.

БІРІНШІ. Жас отбасыларға арналған баспана мәселесі ірі қалаларда өткір екенін ескере отырып, Үкіметке алдымен Астанада, Алматы және Шымкентте жұ­мыс істейтін жастар үшін жылына 1 мың пәтерден кем емес құрылысты қам­тама­сыз ету қажет. Бұл пәтерлер жалдама­лы баспана санатына жатқызылуы тиіс.

Осы мәселені шешуге сондай-ақ бү­гінде жүзеге асырылып жатқан «7-20-25» бағдарламасы да бағытталған. Мұндай баспанаға жұмыс істейтін және табысы барлар ғана үміт арта алатынын есте ұстаған жөн.

Жұмыс, бұл  – адам әл-ауқатының не­гізгі көзі.

Сонымен қатар барлық меншік фор­ма­сындағы кәсіпорындар жас қызмет­керлер үшін баспана жағдайын жасауға белсене қатысуы тиіс.

ЕКІНШІ. Жастар саясатының негізгі мә­се­лесі жұмыспен қамту болып қала береді. Бүгінгі әлемде 18 бен 30 жас аралы­ғын­дағы 300 миллионға жуық жас адам­ның тұрақты жұмыс орны жоқ немесе жұмыссыздар болып табылады. Сонымен бірге ғалымдардың болжауынша, 2050 жылға қарай қазіргі кәсіп­тердің шамамен жартысын жасанды интеллект ауыстыратын болады.

Соның ішінде, оңай регламенттелетін мамандықтар бар. Бұлар – сатушылар, жүргізушілер, операционистер, колл-орталық қызмет­кер­лері, заңгерлер мен экономистер.

Жасанды интеллект әзірге адамдарды алмастыра алмайтын «күрделі» кәсіп­тер ғана сұраныста қалады. Олардың қа­тарында – ғалымдар, топ-менеджерлер, мәдениет қайраткерлері, ақ­параттық технологиялар саласындағы топ-мамандар, жоғары санатты дәрігер­лер. Сонымен қатар медбикелер, бала кү­тушілер, әлеу­меттік жұмысшылар жә­не т.б сияқты «қарапайым» кәсіптер сақ­талады.

Бүгінде XX ғасырға тән «отбасы әлде жұмыс» деген ұлы дилемманың заманы өтіп барады.

Біз «ер» жұмысшы мен «әйелдің» үй кеңістігі арасындағы шекараның түп­кі­лікті жойылып, араласып бара жатқанын бақылап отырмыз.

Алыстан жұмыс істеу және жеткізу сер­вистерінің дамуы адамдардың үйден шық­пай-ақ жұмыс істеуіне, өмір сүруіне мүм­кіндік береді. Мысалы, экономис­тердің баға­лау­ынша, Сауд Арабиясында басталған әйелдердің құқықтарын ырық­тан­дыру ұлт­тық ІЖӨ өсімін он жыл бойын­да бір­неше процентке қамтамасыз етеді. Мұндай жұмыс күші, ерлер мен әйел­дер болсын, өнімді жұмыс­пен қам­тылуға аса зәру болады. Бұл фактор бо­лашақта жас тұр­ғын­дары басым көпте­ген мемлекеттер үшін іргелі сын-қатер­лердің біріне айналады.

Жастардың бүгінгідей мейлінше созылмалы әлеуметтенуі жағдайында БҰҰ классификациясы бойынша, жастықтың жоғарғы шегі ретінде 44 жас белгіленіп отыр.

2018 жылы Қазақстанда орта мек­тепті 125 мыңнан астам жас бітірді. Ор­та мер­зімді келешекте еңбек на­ры­ғы­на шы­ғатын жастардың саны тек өсіп отырады.

Қазіргі уақытта елде шамамен 300 мыңға тарта адам немесе жастар­дың 9%-і білім беру және еңбек қыз­ме­тіне тар­тылмаған. Жастардың осы сана­ты­ның жыл сайын қысқаруына ықпал ете­тін тиімді шараларды қабылдау қажет.

Қазіргі экономикадағы бәсекелестік жаңа технология ойлап тауып, оның тәжірибеде кеңінен қолданылуына байланысты.  Бизнесте көшбасшы болу үшін инновациялық ойлау жүйесі мен заман талабына тез бейімделе білу керек. Бүгінде әлемге әйгілі ірі компа­ния­лардың негізін жас кәсіпкерлер қала­ғанын білесіздер.

Мысалы, «Фейсбукті» Марк Цукер­берг 19 жасында, «Майкрософты» Билл Гейтс 20 жасында, «Apple» компаниясын Стив Джобс 21 жасында құрған.   Бұл компаниялар жүздеген мың адамды жұмыспен қамтып қана қоймай, бюджетке қыруар қаржы түсіріп отыр. Олар өз бизнесін бастағанда ауқымды қаржы ресурстарына немесе үкімет қол­дауына сүйенген жоқ.

Мемлекет қоғамда жасампаздық,  бас­­­та­­­машылық, шығармашылық, еңбек­қор­­лық рухын қалыптастыруға баса мән берді.

Халқымыздың «Ақыл – жастан, асыл – тастан» деген нақыл сөзі бекер ай­тыл­­маған. Біздің жастарымыздың бойында мұн­дай қасиеттер бар.

Бизнеспен айналысамын деушілерге жол ашу аса маңызды. Шағын несие берудің және оқыту ісінің оң тәжірибесі негізінде барлық өңірде «Жас кәсіпкер» бағ­дарламасын әзірлеу қажет. Бұл жо­ба аясында жыл сайын білім алатын жұ­мыссыз жастар мен өзін өзі жұмыспен қам­тығандардың санын 100 мыңға дейін жеткізген жөн.

Соңғы екі жылда «Атамекен» ұлттық кә­сіп­керлер палатасы «Бастау» жобасы бойынша ауылдар мен шағын қа­ла­лар­дың 43 мың тұрғынын оқытып шы­ғарды. Нәтижесінде 11 мыңнан астам бизнес жобалар іске қосылып, 16 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Осыған бай­ланыс­ты жоба аясында жұмыс істеп жатқан адамдардың 95 проценті бюджетке салық төлеуде.

Сондай-ақ Үкіметке «Биз­нес-2020» жол картасы аясында жас кәсіпкерлер үшін грант бойынша бөлінетін қаржы көлемін екі есе арттыруды тапсырамын. Жалпы, үш жыл ішінде 300 мыңға жуық жастарымыз бизнестің қыр-сырын меңгеріп шығады. Кем дегенде 80 мың адам немесе олардың төрттен бірі өз кәсібін бастап, ел экономикасына елеулі үлес қосатын болады. Осындай арнайы білім алған мамандар нарыққа дайын стартаптар мен өнімдер ұсынуға тиіс.

Бітіруші курстардағы 60 мыңға жуық студентті бизнеске баулу қажет. Үкіметке бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2019-2021 жылдары 32,1 миллиард теңге бөлуді тапсырамын.

Жастардың стартаптарына қолдау көрсететін қорлардың қызметін ынталандыру маңызды міндет саналады.

Дамыған елдерде жастардың өз идея­ларын жүзеге асыруға көмектесетін қорлар жұмыс істейді. Олар орталық және жергілікті орган­дар, университеттер, сондай-ақ же­ке құ­ры­лымдар тарапынан қаржылан­ды­рыла­ды.

Үкіметке Жастар стартаптарын қол­дау қорын құруды тапсырамын.

Урбанизация процесінің қарқын­дылығына қарамастан, ауыл жас­тары­ның үлесі әлі де жоғары – 43 процент. 2018 жылдың 11 айы ішінде ауылдан қалаға көшкен жастардың саны 222 мың­нан асты. Сондықтан Үкімет пен әкім­діктер олардың білім алу, жұмысқа ор­наласу, демалыс және басқа мәселе­лерін жүйелі шешуге күш жұмыл­дыруға тиіс.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында инфрақұрылымды дамытып, жергілікті жерлердің кадрлық әлеуетін күшейту керек. Осыған орай «Дипломмен – ауыл­ға!» бағдарламасына енгізілетін маман­дық­тардың тізімін кеңейтуді ұсы­намын.

Көшіп барғаны үшін төленетін жәр­дем­ақы мөлшерін 70-тен 100 айлық есеп­тік көрсеткішке дейін арттыр­ған жөн. Сондай-ақ жастарды ауыл ша­руа­шы­лы­ғымен айналысуға қызық­тыра білу қажет. Дамыған елдерде бұл бағыт жоғары өнімді әрі иннова­циялық салалардың бірі са­налады. Онда цифр­лы технологиялар мен роботтан­ды­рылған кешендер белсенді қол­данылады.

БҰҰ болжамы бойынша, 2050 жыл­ға қарай әлемнің 70%-ке дерлік хал­қы қа­ла­ларда тұратын болады. Жаһан­дық экономика қалалықтарға иек артады: 600 мегаполис әлемдік ІЖӨ-нің

60%-ін береді.

Қарқынды урбанизация және халық санының өсуі жағдайында адамзат азық-түлік мәселесінің оңтайлы шешімін із­дейді.

Егер АҚШ тұрғынының қазіргі та­мақ­­­­тану деңгейін негізге алатын бол­сақ, онда 2030 жылға қарай азық-түлік ре­­сурсы тек 2,5 миллиард адамға ғана же­теді. Осыған байланысты әлемде аг­рар­лық сектордағы ғылыми-техникалық прогреске ресурс көптеп жұмсалуда.

Ауыл шаруашылығы роботтандыру, ақпараттандыру және селекция ба­ғы­тында дамитын болады.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі «көк жаға­лылардың» уақыты бітті.  Бүгінде АӨК жұмысшыларының жа­ңа тол­қыны қажет. Қазақстанда бұл сала стра­тегиялық болып саналады, өсім әлеуеті зор және келешекте отандық экономиканың басты драйверлерінің бірі бола алады. Осы орайда Қа­зақ­стан­да әде­биет, танымал өнер арқы­лы жас­тардың қоғамдық санасында жаңа по­зи­тивті образдар қалыптастыру маңызды.

Бүгінде студент жастарға айрықша назар аударған жөн.

Тәуелсіздік жылдары ішінде 2,8 миллион жоғары білімді маман даярланды. Егер 1991 жылы жоғары білімі бар жастардың саны 42 мың адам болса, 2018 жылы 150 мыңнан астам адамды құрады.

Халықтың білім деңгейінің жоғары болуы елдің жаһандық бәсекеге қабілет­­ті­лігінің маңызды факторы болып са­налады. Осыған байланысты біздің та­рапымыздан жоғары білімнің қолжетім­ділігін арттыру және студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту жөнінде шаралар қабылданып жатыр.

Мәселен, бес әлеуметтік бастама ая­­сында 2018-2019 оқу жылында қо­сым­­­ша 20 мың грант бөлінді. Бұдан бө­лек, 2022 жылдың аяғына дейін 70 мың орын­нан кем емес сту­дент­тік жатақ­хана құры­лысын қамтамасыз ету қарас­ты­рылған.

Студенттер қауымы еріктілік пен қа­йы­­рымдылықтың қуатты ресурсы болып саналады. Бұл жас адамдардың еңбек нары­ғында жедел бейімделуіне және олардың әрі қарай өз жолын табуына септігін тигізеді.

Мысалы, халықаралық бағалау бо­­йынша әлемнің ең ірі 300 ком­­па­­ниясы қызметкерлерінің үштен бірі апта сайын жұмыс уақытының

1 саға­тына жуығын волонтерлік қыз­метке жұмсайды.

Үкіметке волонтерлік қызметпен бел­­сенді айналысатын ЖОО студент­те­рінің стипендиясын 30%-ке дейін кө­­те­­руді тапсырамын. Бұл біздің сту­­дент­­теріміз үшін елеу­лі қолдау болады.

ҮШІНШІ. Қазіргі таңда өнерлі жас­тар­ды қолдау үшін белсенді жұмыс жүр­гізілуде.

Қоғамда түрлі бағыттар бойынша креа­тивті азаматтардың тұтас шоғыры қа­лыптасты.

Бүгінде таланатты жастарымызға селек­тивті көмек көрсету үшін дерек­тер қорын, жастардың зияткерлік бан­кін құру қажет. Мұндай қадам бізге бола­шақтың нағыз кристалдарын өсіруге мүмкіндік береді.

Жас ғалымдарға белсенді қолдау көр­сету де маңызды.

Уақыт біздің «Болашақ» бағдар­ла­масын құрған кезде дұрыс шешім қабылдағанымызды көрсетті.

Содан соң Назарбаев Университет пен Назар­баев зияткерлік мектептерін құр­дық.

Бүгінде 12 мың «Болашақ» түлегі ел игілігі үшін еңбектеніп жатыр. Жа­ңа кезеңде бұл бағдарлама ғылыми әлеу­етті нығайтуға бағытталуы тиіс.

Жас ғалымдарымызға өз идеяларын нақты жобаларға айналдыруына көмек­тесуіміз керек. Бұл процеске Назарбаев Универ­ситетті де тарту керек.

Осы мақсатта Үкіметке жас ға­лым­­дар­дың фундаменталды және қолдан­балы зерттеулерін гранттық қаржы­лан­­ды­руды 3 миллиард теңгеге ұлғай­туды тапсырамын.

Қазіргі жағдайда ғылым мен білімді барлық тілек білдірушілерге қолжетімді ету маңызды.

Ғалым-педагогтер оқушылар «төрт К-ны»: сындарлы ойлауды, коммуни­кацияны, коллаборацияны және креа­тив­тілікті дамытулары тиіс деп санайды.

Адами капиталға инвестиция салу мем­лекеттің аса табысты бағыттарының  бірі болып табылады.

Жас тұрғындарының Сауаттылық индек­сінде Қазақстан 155 елдің ішінде 15-ші орын алады. Жастардың білім дең­гейі бойынша еліміз Швейцария, АҚШ, Норвегия және Финляндияны басып озып, 9-шы орында тұр. Қазақстан «жаңа интеллектуалды держава» бола алады.

Еліміздің аса ілгерінді технологиялық және цифрлы болашаққа дайындалуда екенін ескере келгенде, бізге білім са­ласындағы жетекші үрдістерден қа­лып қоймау ерекше маңызды.

Қазақстан баршаға табыс пен өсіп-өркендеуді қамтамасыз ететін өзінің жас­тарына қажетті білім мен машықтар беруі тиіс. Бұған қашықтықтан оқыту кең жол ашады.

Мәселен, АҚШ-та 20 миллион ЖОО студенттерінің үштен бірі онлайн форматында оқытылады. Сондықтан елімізде қашықтықтан оқытуды қолдану ауқымын кеңейту қажет.

Бүгін тұсауы кесілген Open Uni­versity жобасы біз­дің жастарымызға

осын­­дай мүм­кіндіктер береді. Үкімет­ке атал­ған жо­ба­ны еліміздің барлық ЖОО-лары мен кол­ледждерінде, сон­дай-ақ жұмыс берушілер деңгейінде ілге­рілетуге қолдау көрсетуді тапсырамын.

Бұған дейін айтқанымдай, алғаш­қы жұмысшы мамандығын алу да ма­ңызды саналады. Сондықтан сапалы техникалық және кәсіби білім беру жүйесін дамыту шешуші басым­дық­тардың бірі болып қалуы тиіс.

Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының желісі 128 бірлікке көбейіп, 821 колледжді құрап отыр. 2017 жылдан бері тегін кәсіби-тех­никалық білім беру бағдарламасы бойынша 155 мыңнан астам жас білім алуда. Аталған жұмысты жалғастыра беру қажет. Бұл – жаппай жұмыспен қамтуға апаратын төте жол.

Үкіметке «100/200» (екі жүзге жүз) қағидаты бойынша «Жас маман» бағ­дарламасын жасау қажет. Үш жыл ішінде жоба еліміздің барлық өңірі­нен шамамен 200 мың жас азаматты қам­титын болады. Оның аясында 200 жаң­ғыртылған оқу орындарының базасында аса сұранысқа ие 100 индустриялық және сервистік кәсіптер бойынша мамандар дайындау жүзеге асырылады.

Әр өңірде кем дегенде 1 жетекші ЖОО мен 10 колледж жаңартылған оқыту бағдарламасымен және ішінде шетелдік мамандар да бар оқытушылар құрамымен жаңаша жұмыс істейтін болады. Олардың қатарына конкурстық негізде еліміздің 20 ЖОО-сы мен 180 колледжі кіріп, олар үшін шамамен заманауи 400 құрал-жабдық жиынтығы сатып алынады.

Осы маңызды жұмысқа өңір­дің барлық жүйе құраушы кәсіп­орын­дары мен ірі бизнесінің қатысу­ларын ұсынамын. Осы білім беру мекеме­лерінің жанында сондай-ақ иннова­циялық жобаларға қолдау көрсететін стартап-орталықтар жұмыс істейтін болады. Нәтижесінде 3 жыл ішінде жаңа стандарттар бойынша 200 мыңнан астам маман дайындалып, 15 мыңнан астам оқытушы біліктілігін арттыратын болады.

Жастар кешкі, жексенбілік және онлайн-курстарға бару арқылы өзде­рінің мүмкіндіктері мен перспек­тиваларын кеңейте алады. Тұтас­тай алғанда, үш жылда аталған бағдар­ла­маларды жүзеге асыру үшін респуб­ли­калық бюджеттен 60 миллиард теңге бөлінетін болады.

Бұл бастамалардың бәрі «Жастар – ел тірегі» атты біртұтас жалпымемлекеттік жоба ретінде Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігінің жастар­ды жұмысқа орналастыруға бағыт­тал­ған қазіргі бағдарламаларымен бірік­тіріледі.

Алдағы үш жыл ішінде осы жобаға бір миллионнан астам адамды тарту жос­парланып отыр.

ТӨРТІНШІ. Жастардың күш-жі­гер­ін жасампаздық пен өз мүмкіндігін жү­зе­ге асыру арнасына бағыттаған маңыз­ды.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына қарай «Жасыл ел» қозғалысының база­сында «Жасыл қала – жасыл ауыл» жалпыұлттық жобасын іске қосу қажет.

20 жылда Астананың айналасында қолмен отырғызылған орман пайда болды. Бұл – 80 мың гектар жасыл екпе­лер, соның нәтижесінде қаланың іші экологиялық жағынан тазара түсті. Аста­наның үлгісі бойынша бүкіл өңірдегі елді мекендердің жасыл эко­жүйесін дамыту қажет.

Бүгінде бүкіл еліміз бойынша жүр­гі­зі­ліп жатқан ауқымды құрылыс жұмыс­тарына жастарымыз белсенді ат­са­лысуы керек. Осы саладағы ком­па­ния­­лардың бәрі студенттік құрылыс от­ряд­тары үшін арнайы квота бөлгені жөн.

Осыған байланысты рухани орта­лығымыз – Түркістан қаласын көркейту үшін зор мүмкіндіктер ашылып отыр. Үкімет облыс әкімімен бірлесіп, бұл мәселені өз бақылауына алуы тиіс.

Сондай-ақ былтыр өзім бастап берген «Жас сарбаз» қозғалысы негізінде әскери-патриоттық тәрбие беру ісін дамыту қажет. Үкіметке 2025 жылға дейінгі әскери-патриоттық тәрбие беру бағдарламасын әзірлеуді тапсыра­мын.

«Жас сарбаз» бастамасының үлгісімен еліміздегі волонтерлерді, әсіре­се әлеуметтік жобалар саласындағы ерік­тілерді біріктіру қажет.

Қазір дүние жүзінде жастар туриз­мін дамытудың өзектілігі артып келеді. Бұл сала олардың өз еліне деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру ісінде маңызды рөл атқарады.

Әлемдік ішкі жалпы өнімдегі туризмнің үлесі – 10 процент. Жастар ту­ризмі халқымыздың бірлігін сақ­тап, төл мәдениетімізді дамыту мәсе­лелерін қамтиды. Сондай-ақ ішкі өңір­лік байланыстарды нығайтуға, халық­аралық серіктестікті кеңейтуге септігін тигізеді.

Қазақстанда экологиялық, спорттық-сауықтыру және экстремалды туризм орталықтары болуға лайықты жерлер көп. Осы айтылған бағыттарды дамыту үшін тиісті инфрақұрылымды жетілдіріп, жастардың туристік клубтарын жаңғырту керек.

Білім және ғылым министрлігіне жоғары оқу орындарында волон­тер­лердің арнайы курстарын ашу мүм­кін­дігін қарастыруды тапсырамын.

Жастардың бойында әлеуметтік жауапкершілік пен қоршаған ортаны аялау сезімін қалыптастыру негізгі міндет саналады. Әсіресе үлкенге құрмет, кішіге ізет білдірудің, мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерін дарытудың маңызы зор. Кез келген адам жасы ұлғайған шағында жастар тарапынан жанашырлық пен қамқорлық күтетінін ұмытпаған жөн.

Еліміздегі жарты миллионға жуық студент жастар үкіметтік емес ұйым­дармен бірге мұқтаж  жандарға елеулі көмек көрсете алады.

Алға қойылған міндеттерді ауқым­дандыруда «Нұр Отан» партия­сына ерекше міндет жүктеледі. Қол­даныстағы жобаларды жүзеге асыруға бақылау орната отырып, партия жастар саясатының драйверіне айналуы тиіс.

Қазақстан халқы Ассамблеясынан да жұмысын жастар саясатына екпін түсіре отырып, қайта құру талап етіледі. Біздің басты формуламыз – халық бірлігі мен этносаралық келісім.

Ассамблея егемен Қазақстанның құн­дылықтарын, ұрпақтар сабақтастығын, бірлік пен патриотизмді нығайту ісін ілгерілету бойынша нақты бағдарлама түзуі тиіс.

Біздің Отанымыз біреу, Тәуел­сізді­гіміз – біздің басты байлығымыз, оны әрбір азамат көзінің қарашығындай сақтауы тиіс.

БЕСІНШІ. Біздің жас отбасылар­ына, олардың денсаулығы мен әлеу­мет­тік инклюзивтілігіне қолдау көрсе­ту саласындағы көзқарасымызды айтар­лық­тай өзгерту маңызды. Жас­тарды жа­ңа әлеуметтік рөлдері мен от­ба­сы­лық өмірдің ыстық-суығына да­­йын­дау қажет. Мұны орта мектептер­дің жо­­ға­ры сыныптарынан бастаған жөн.

Ана институтының қолдауымен бір­ге әке институтын дамыту, жас­өспі­рім­дердің бойында өз отбасына деген жауап­кершілік сезімін қалыптастыру маңызды.

Отбасылардың ажырасу мәселесі бізді ерекше алаңдатады. Ғалымдар, қоғам белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдары бұған ерекше назар аударулары тиіс.

ҮЕҰ-ның қатысуымен ерекше сұ­ранысы бар адамдарға бағдарланған қызметтер көрсету саласын кеңейту қажет.

Біздің әрқайсымыз өз тағдырымызды өзіміз жасаймыз. Өмірлік табысқа же­ту үшін, бірінші кезекте, отбасылық игі­ліктер мен кәсіби жетістіктердің кепілі болып табылатын зор денсаулыққа ие болу қажет.

Мемлекет азаматтардың денсау­лы­ғына тұрақты түрде қамқорлық көр­­сетіп келеді. Тәуелсіздік жылдарын­да заманауи құрал-жабдықтармен жарақ­тан­дырылған 219 жаңа аурухана, 1200 жаңа емхана салынды. Алайда, халық­аралық зерттеулер көрсеткендей, меди­ци­наға денсаулықтың тек

10-15%-і ғана тәуелді. Сондықтан бо­йыңда ерік-жігерді ерте қалып­тас­ты­рып, тән сау­лығын нығайту маңызды.

Тәні саудың – жаны сау екені бар­шаға аян.

Республикалық жастар чемпионаттары мен студенттік универсиадалар өткізу дәстүрін қайта жаңғырту ма­ңызды.

Барша жастарды өздерінің әлеуе­тін белсенді жүзеге асыруға, мүмкін­діктерін барынша пайдалануға, заманауи білім алып, күннен-күнге шыңдала түсуге шақырамын.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала дәл осы мақсатқа бағытталған.

Мен сендердің өз елдеріңмен мақ­тан­ғандарыңды, оның тарихын жақсы білгендеріңді және алға сенім­мен қара­ғандарыңды қалаймын. Қазақ­станның бо­лашағы берік қолда екеніне және сен­дер оны әлемнің аса дамыған 30 мемле­кетінің қатарына қосатындарыңа сенім­дімін.

Құрметті форумға қатысушылар!

Бүгін біздің арамызда өте ауқымды әңгіме қозғалды. Ұсынылған барлық идея жастар мен отбасыларды дамыту саласындағы арнайы Жол картасында көрініс табуы тиіс.

Бар-жоғы екі жылдан кейін біз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтетін боламыз. Бұл датаның жас­тар­ға патриоттық тәрбие беруде ма­ңызы аса зор. Осыған орай Үкіметке еліміз үшін маңызды осы мерейтойға дайындық пен оны мерекелеу бо­йынша бағдарлама дайындауды тапсырамын.

Ұсынылған барлық бастама мен жоба форумның қорытынды құжатында көрініс табуы тиіс.

Қымбатты достар!

Бүгін біз жастарға кеңінен жол аша­тын маңызды бастамалармен та­ныс­тық.

Қолға алған тың жобалардың бәрі табысты жүзеге асады деп ойлаймын.

Жастық шақтың күш-қайратын егемен елімізді өркендетуге жұмсай беріңіздер!

Сіздерге зор денсаулық, толағай табыс  пен бақ-береке тілеймін!

Дереккөз: http://egemen.kz/