Zhasproject — кәсіпкерлікке жол

0

Алматы және Жетісу облыстарында Zhasproject жобасы бастау алды. Жобаға өтінім беру 26 шілде мен 10 тамыз аралығында өткізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлім болды.
Бұл жобаны іске асыру үшін жастарды дамыту мен қолдаудың тиімді тәжірибелерінің ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі осы жобаны мемлекеттік қаржыландыру аясында бастау туралы шешім қабылдады.

Zhasproject жобасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп жүзеге асыруда. Бүгінде , министрлік қазір жастар жұмысына бірқатар тәсілдерді қайта қарастыруда және Zhasproject сияқты атаулы және нақты жобалар жақын болашақта өз жемісін беретініне сенімді.

2022 жылы жоба 6 облыста: Алматы және Жетісу, Қарағанды және Ұлытау, Түркістан және Маңғыстау облыстарында пилоттық режимде іске асырылады.
Жобаны іске асыру үшін бұл өңірлерде жеке жобалық кеңселер құрылды. Алматы және Жетісу облыстарында жобалық кеңсенің қызметін конкурстық негізде іріктелген «Тамшыбұлақ» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырады.

18 бен 28 жас аралығындағы жастарға кәсіпкерлік бағытта қолдау білдіруге арналған жобаның бүгінгі талабы бөлек. Биылғы жылы жобаға қатысушы жастар ішінде басымдық осал санаттағы адамдарға беріледі. Нақтыласақ, тіркелген жұмыссыз мәртебесі бар жастар, аз қамтылған отбасыларда тұратын, жетім және мүгедек адамдарға, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға, көп балалы отбасыларға, сондай-ақ «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналарға ерекше басымдық беріледі.

Zhasproject жобасына қатысушылар 16 бағыт бойынша әлеуметтік жоба ұсынуы шарт.

Жобаға бір қатысушыдан бір ғана өтінім қабылданады. Сонымен қатар өтінім берген адам әлеуметтік жобаның идеясын жазып көрсетеді. Сондай-ақ, телефон нөмірін растаумен ZHASPROJECT-ALMOBL.KZ сайтында қатсушы ретінде тіркеліп, телефон нөмірін растауы тиіс. Жобалық онлайн-өтінімді беріп, тіркеу нөмірін алады. Шағын гранттарды іріктеу 10-18 тамыз аралығында өтеді. 18 тамыз жеңімпаздардың есімі белгілі болады.

Жалпы жобаға қатысу екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең- техникалық іріктеу өтксе, екінші кезеңде конкурстық комиссия жұмыстарды қарап, шешім шығарады. Айта кетейік, биыл жұмыстарға жоғарыда аталғандай арнайы тіркеу нөмірі берілетін болады. 21 адамнан тұратын комиссия жоба авторын танымайтын болады. Бұл ереже шынайы жеңіске жетуге жол бастайды дейді ұйымдастырушылар.

«Бұл жоба жаңарып, жаңадан ұсынылуда. Оның ішінде қатысушы топтың кеңейтілуі бұлда ерекшелік болып табылады. Аталмыш бастама біздің Жетісу облысының жастарының жеке дара дамуына мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Баршаларыңызға жобаны насихаттау жұмыстарына және қатысушыларға сәттілік тілеймін»,-деді Жетісу облысы әкімінің орынбасары Рустам Али.

Естеріңізіге саламыз, Zhasproject аясында 250 шағын грант бөлініп отыр. Оның 63-і Жетісу және Алматы облыстарына тиесілі. Әрбір ұтқан қатысушыға өз кәсібін бастап, бизнес-идеяны жүзеге асыру үшін 1000 000 теңге сомасында қаражат беріледі. Айта кету керек, жоба жеңімпазы алғашқы үш ай тегін түрде ісін жүргізеді. Артынша ақылы түрде қызмет көрсетуге бағыт ала алады.

Жоба бойынша қосымша ақпаратты www.zhasproject_almobl.kz cайтынан, +7 701 171 1585 байланыс номері арқылы білуге болады.