Жасөспірім қыз досына бүкіл отбасын өлтіруге көмектесті

0
1749

Ресейлік полицейлер Омбы облысы Юрьевка ауылында жасалған ауыр қылмысты тергеп жатыр.

22 қаңтар таңертең 38 жастағы ауыл тұрғыны, оның 36 жастағы әйелі мен 10 жастағы мүгедек қызы үйінде өлі табылды. Тек екі бала – 14 жастағы қыз бен оның 6 жасар інісі аман қалған. Бұл туралы РЕН ТВ жазды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. 

Бастапқыда 14 жастағы Анна тергеушілерге ата-анасы мен бауырын сақалды ер адам өлтіргенін айтып, тіпті қылмыскердің фотороботын жасауға көмектескен. Алайда көп ұзамай бүтін бір отбасын Аннаның өзі мен оның 17 жастағы сүйіктісі Александр қырып салғаны анықталды.

Алдын ала мәліметке сүйенсек, Александр Аннадан бірнеше жас үлкен болған, сол себепті қыздың анасы мен өгей әкесі екеуінің кездесуіне қарсы болыпты. Ауыр қылмысқа әке-шешенің тыйымы себеп болуы мүмкін.

Анна Александрға өгей әкесі оған тиіскенін айтқан. Осыдан кейін ғашықтар қыздың анасы мен өгей әкесін өлтіріп, кек алуды шешкен. Анна үйдің есігін әдейі ашық қалдырған. Жас жігіт түнде үйге пышақпен кірген.

Александр алдымен қыздың анасын бауыздап, кейін ұйықтап жатқан өгей әкесін өлтірген. Бастапқыда олар Аннаның 10 жастағы сіңлісі мен 6 жасар інісін өлтірмейміз деп келіскен. Алайда сал ауруына шалдыққан 10 жастағы қыз ата-анасының денесін көріп, айғайлай бастаған. Осыдан кейін қыз да көз жұмды.

Аннаның інісі тергеушілерге қылмыс кезінде әпкесі оның көзі мен құлағын жауып тұрғанын айтты. Алайда алты жасар бала бәрібір де бәрін көрген, естіген.

Жауап алу кезінде Аннаның жігіті қыздың ата-анасын қалай өлтіргенін айтып берді. Сондай-ақ қылмыс жасаған қаруы мен қанға боялған киімін де көрсетті.

Қазіргі таңда күдіктілер ұсталды.