Жасөспірім өлімі: Талғардағы төбелес туралы ІІМ пікір білдірді
ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Талғардағы төбелес туралы істі жеке бақылауға алғанын мәдімдеді. Төбелестен жасөспірім қайтыс болған еді.
«Барлық жағдайлар менің жеке бақылауымда. Менің бірінші орынбасарымның басшылығымен тергеудің толықтығы мен сапасын қамтамасыз ету үшін ІІМ қызметкерлері тобы жұмыс істейді», – деп жазды Саденов Facebook парақшасында.
Ол барлық кінәлілер лайықты жазаға тартылатынына сендірді.
4 қазанға қараған түні Талғарда жастар арасында жанжал болып, жаппай төбелеске ұласты. Жанжал нәтижесінде екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізілді, олардың бірі алған жараларынан реанимация бөлімінде қайтыс болды. Ол кәмелетке толмаған.
фото: ашықдереккөз