жасөспірім аулада ойнап жүріп, тоққа түсті

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Тұрғындардың айтуынша, жасөспірім ойнап жүріп, тоққа түсіп қалған

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде — Sputnik. Нұр-Сұлтанда 13 жастағы бала аулада ойнап жүріп, есінен танып қалды. Куәгерлердің айтуынша жасөспірімді тоқ соққан.

Жазатайым оқиға 12 шілдеде Конституция көшесінде орналасқан үйдің ауласында болыпты. Кешкі бес кезінде 13 жастағы бала допты алу үшін жабық алаңның қоршауына шығып, байқаусызда электр желісіне тиіп кетеді, деп жазады astanovka98 Instagram парақшасы.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, электр желісіне тиген бойда бала жерге құлап, есінен танып қалды.

Тағы оқыңыз: Тоғыз жасар қыз Ханшатырдағы бассейнге батып кетті

Жедел жәрдем тез арада көмек көрсетіп, біраздан соң бала есін жияды.

Елордалық полиция департаменті әртүрлі жарақат алған баланың ауруханаға түскенін айтты, бірақ тоқ соқты деген мәліметті растамады.

«12 шілдеде 18.00 кезінде қалалық балалар ауруханасына әртүрлі жарақат алған жасөспірім жатқызылды. 13 жастағы бала Конститутция көшесіндегі ойын алаңында дене жарақатын алған. Оқиғаның мән-жайын анықтап жатырмыз», — деп мәлімет берді Нұр-Сұлтан полициясы.

Қазір оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалған.



sputniknews.kz