Жас қыз інісін құтқару үшін оқудан бас тартты

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Оқиға Қытайдың Ляньюньган қаласында болған

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Аплазиялық анемиямен сырқаттанған інісін құтқару үшін жас қыз оқуға түсуден бас тартты, деп хабарлайды South China Morning Post.

Інісі сырқаттанған кезде 18 жастағы Ли Цзы университетке түсуге дайындалып жүрген. Бауыры кемік майының трансплантациясына мұқтаж болған. Тексеріс кезінде оған ата-анасының  донор бола алмайтыны анықталды. Жақын туыстарының арасынан тек әпкесінің жасушалары сәйкес болыпты. 

Кемік майының трансплантациясын жасаған Ли Цзы биыл университетке түсе алмайтын болды.

«Емтихандарды бір жылдан соң да тапсыра аламын. Ал інімді құтқарудың басқа мүмкіндігі болмайды», -деді Ли Цзы.

Тағы оқыңыз: 20 сағат бойы жұмыс істеген хирург ота кезінде ұйықтап қалды

Ота наурыз айында жасалған. Емдеу ақысын төлеу үшін отбасы қарызға қомақты қаражат алған. Енді достары мен көршілерінің көмегіне үміт артып отыр.

«Менің қызымнан 800 миллилитр қан мен 400 миллилитр тін жасушасы алынды. Бұл сандарды ешқашан ұмытпаймын. Екеуі де әбден қиналды»,- деді қыздың әкесі.

2018 жылы қытайлық қыз лейкоздан әкесін құтқару үшін әдейі салмақ жинағаны айтылған болатын. Донор болу үшін дәрігерлер оған салмақ қосу керек екенін айтқан.



sputniknews.kz