«Жас қыз ал»: Нұртас Айдарбеков кенже ұлы Заңғарға қандай қызға үйлену керегін айтты
Танмыл хитмен Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков кенже ұлы Заңғарға үйлеген кезде қыздың қандай қасиеттеріне мән беру керегін айтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Заңғар Нұртас әкесінен өзіне қандай қыз жарасатынын сұрап, өзара әңгімесін әлеуметтік желіге жүктеді.
“Бойы ұзын ба, қысқа ма, маған бәрібір. Оны өзің көрерсің. Мен үшін оның адамгершілігі маңызды, денсаулығына қара. Бойы сенің иығыңнан келсе болды. Жастауын ал, бала туатын. Миыңды қатырмай тезірек үйлен”, – дейді әкесі телефонның арғы жағынан.
Заңғардың өзі жас қызды алуға құлық танытпады.
“Жас қызды үйрету керек, тәрбилеу керек. Оның бәрі уақыт”, – деп жауап қатты әкесіне.
Айта кетейік, Заңғар Жібекпен 2022 жылдың наурыз айын шаңырақ көтерген болатын. Кейін Айдарбековтер әулетінің кенжесі Заңғар Нұртас келіншегі Жібекпен заңды түрде ажырасып кеткенін айтты.