Жас өспірімдердің мектепті бітірмей жатып еңбекке араласуы қаншалықты дұрыс? — Қазақстан жаңалықтары
Анамды асырап, бауырларыма қамқор боламын! Бала кезінен бизнеске араласып, кәсіп көзін тапқан қара домалығымыз ересектер алмайтын жалақыға қол жеткізіп, інісінің сауығып кетуіне септік етіп жүр! Жалпы ұл-қыздарымыздың мектепті бітірмей жатып еңбекке араласуы қаншалықты дұрыс? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия» арнасына сілтеп хабарлайды.
Мектеп оқушысы сырқат бауырының емі үшін кәсіптің көзін тауып қаржы жинауға бел буған. Өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын жеткіншек қызметіне жүгінетіндер көп Екібастұзда.
«Кәсібім менің сабағыма кедергі жасамайды. Өйткені мен маникюрге күніне екі үш сағат бөлемін. Мен шахмат пен футболға қызығамын. Үйде анама көмектесемін. Болашақта сән әлемінде қалғым келеді», — дейді жас тырнақ әрлеуші Арулат Мұқамедқали.
«Баланы ерте жастан еңбекке баулығын дұрыс. Бірақ бұл еңбекке баулу балаға физиологиялық және психологиялық зиян келтірмеуі керек. Білім алуға зиян келтіретін, азаннан кешке дейін сауда орындарында суықта базардарда тұрғызып қоюға болмайды», — дейді психолог Айгүл Рахымжанқызы.
Қазіргі таңда тойда өнер көрсететін балалар көп. Жанды дауыста айтса бір сәрі, даусын жазып алып ән айтатынын қайтерсің. Бала ғой дейсің. Бірақ жастайынан жалғандыққа үйрету жас өспірімнің өзіне қиын болмай ма?
«Қазіргі кездегі басты мәселе ата-аналардың баласының ақша тапқанынан дән риза болып, қайда жұмыс істеп жүргеніне емес, отбасылық қаражатты көбейткеніне риза болып отырады», — дейді психолог Айгүл Рахымжанқызы.
stan.kz