Жас келін енесінің атына жасырын несие рәсімдеген

0

Түркістан облысының Ордабасы ауданында енесінің атына жасырын түрде несие рәсімдеді деген күдікпен жас келін ұсталды. Несие көлемі — 880 мың теңге, деп хабарлайды kznews.kz сайты Express Qazaqstan порталына сілтеме жасап.

Полицейлерге жергілікті тұрғын өзіне қатысты алаяқтық жасалғаны жөнінде арыз түсірген. Оның айтуынша, жәбірленуші әйел өзінің атына несие рәсімелгенін банктен хабар келгенде бір-ақ біліпті. Аталған жайт Қылмыстың кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

«Тексеру жұмыстары нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты мекен-жайынан ұстады. Ол жәбірленушінің келіні болып шықты. Келіншек енесінің атынан несие рәсімдеп, алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратқан. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», — деді Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер.

Айта кетейік, күдікке ілінген келін бұған дейін ұрлық дерегі бойынша істі болған екен.