«Жас балаларға қатысты теріс әрекеті үшін» сотталған студентке шығарылған үкім дау тудырды — Қазақстан жаңалықтары

0

Ақтөбе облыстық соты өткен жылы 10 жылға сотталған Қазақ ұлттық өнер университетінің 23-жастағы студенті Әліби Өтепбергенге қатысты «бірнеше жас балаға қатысты сексуалдық зорлық жасады» деген сот үкімі өзгеріссіз қалдырды. Ондаған адам сот ғимаратының алдына жиналып, судьяның жаңа шешімін кеткен еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

әліби өтепберген сот

 Жиналғандардың арасында сотталушының туыстары, айыпталушымен бірг оқыған Нұр-Сұлтандағы университеттің студенттері, сонымен қатар белсенділер болды.

Апелляциялық шешім қабылданғаннан кейін шамамен бір сағат бойы облыстық сот ғимаратының алдына жиналған көпшіліктің айқайы мен жылаған дауыстары естілді.

Сотталушының жеңгелері, әпкелері және басқа туыстары наразылық білдірді. Сот қызметкерлері жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болды, өйткені бір әйел есінен танып қалды.

Сотқа екі туысы сотталушының портреттерімен келді. 

«Жиенім Әлібидің бес жыл бұрын әкесі қайтыс болды. Ол Астанада ақылы білім алып, оқуының ақшасын өзі төледі. Ол өте жақсы және жауапкершілікті жігіт. Ол лагерьде тек үш күн жұмыс істеді. Біз балалар оған жала жапты деп ойлаймыз. Ол кінәлі балаларды дискотекаға жібермей қойған, ал олар әрнәрсені ойдан шығарып, оны ата-аналарына айтқан», — деді сотталушының тәтесі.

Полиция облыстық сот ғимаратына қосымша күштер таратты. Тәртіп сақшылары адамдарды алдымен ғимараттың баспалдақтарынан түсуге, содан кейін оларды сот аумағынан шығуға көндіре алды.

Сотталушының туыстары үкіммен келіспеді және Әліби Өтепбергеннің жоғарғы сотта ақталатынына үміттенеді.

Еске салайық, 2019 жылдың жазында Қазақ ұлттық өнер университетінің актерлік факультетінің студенті Әліби Өтепберген оқудан кейін туған жері Ақтөбе қаласына демалысқа келіп, қосымша ақша табуды ұйғарған.

Жігіт құрамында жасөспірімдері бар «Ақбөбек-Восток» балалар лагерінде тәлімгер болып орналасты. Кейін лагерь басшылығына бірнеше жасөспірімнің ата-анасы студент кәмелетке толмағандарға «тиіседі» деген шағым түскен.

Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Ләззат Рысалина қалыптасқан жағдайды былай деп түсіндірді: тәлімгер ұлдарды дискотекаға жібермеген және сол себепті олар ата-анасына шағымданды. Алайда ата-аналар БАҚ өкілдеріне шығып, тәлімгер тарапынан балаларына қатысты теріс әрекет фактілері бар деп сендірді.

Кейін жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалып, үстіміздегі жылдың 26 ​​наурызында Өтепберген 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Сот үкіміне сәйкес, жазғы лагерьдің мұғалімі болған Ә. Өтепберген бірнеше жас балаға қатысты сексуалдық зорлық жасады», — деді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

stan.kz