Жарылыстан зардап шеккен тағы бір өрт сөндіруші қайтыс болды

0

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір өрт сөндіруші қайтыс болғанын хабарлайды.

«Бүгін Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен 1993 жылы туған өрт сөндіруші қайтыс болды. Ол бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институының ауруханасына жеткізіліп, сол жерде ем алып жатқан болатын» делінген хабарламада.

Сонымен Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан 17 адам қаза тапты. Оның ішінде 10 азаматтық қорғау органдарының қызметкері болса, қалған алтауы Қорғаныс министрлігінің және біреуі әскери прокуратураның қызметкері. Жоғалған тағы бір адам іздестіріліп жатыр.