«Жарылғыш зат қойылды». Сәтбаевта полицияға жалған ақпарат берген ер адам ұсталды

0

Сәтбаев полиция қызметкерлері ЖЭО-на «жарылғыш зат» қойылды деп хабарлаған мас ер адамды ұстады, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл 20 желтоқсанында сағат 15:00 шамасында Ұлытау облысы Сәтбаев полиция бөлімінің кезекші бөліміне, белгісіз біреуден жылу электр орталығында жарылыс болатыны туралы хабарлама келіп түсті.

Бұл энергетикалық нысанға келген жедел-тергеу тобының қызметкерлері мас күйде болған 27 жастағы ер адамды ұстады, ол кінәсін мойындады.

ЖЭО аумағында жүргізілген тексеріс нәтижесі бойынша жарылғыш зат табылмады.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi (бүгiнде – 14,5 миллион теңге) айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, сондай-ақ, шектеуге немесе бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Бұл қылмыс үшін 14 жасқа толған адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, сондықтан мұны мектеп оқушылары да есте ұстауы керек.