Жарылғапов турнирінің бас жүлдесі бұрымды боксшыға бұйырды

0

Осымен 35-ші мәрте жалау көтерген сайыста Қытай, Тайланд, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстанның барлық өңірінен келген 200-ге тартабылғары қолғап шебері сынға түсті.

Турнирге құрметті қонақ ретінде кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Кристина Хаммер, голливуд актёрі Игорь Жижикин және сценарист Олег Степченко арнайы келді.

Жарыс қорытындысында өз салмақ дәрежелерінде жеңіске жеткен, жүлдеге іліккен боксшылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Биыл аталған турнирдің бас жүлдесі – LADA Granta автокөлігі тұңғыш рет бұрымды боксшыға бұйырды. Теміртаулық боксшы қыз Айжан Қожабековаға темір тұлпардың кілтін бокстан Олимпиада чемпионы, Мәжіліс депутаты Серік Сәпиев табыс етті.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды

Дереккөз: http://egemen.kz/