«Жарнамасыз жаңа жыл» | «Айқын» газеті

0

31 желтоқсан күні «Qazaqstan» ұлттық арнасында  күні бойына жарнама көрсетпей, «Жарнамасыз Жаңа жыл» акциясын бастайды.

Мерекеге орай, ұлттық арна көрермендеріне қызықты шоу-бағдарламалар мен арнайы жобалар дайындады. Мәселен, кішкентай көрермендерге әйгілі Walt Disney кинокомпаниясының үздік анимациялық фильмдері көрсетіледі.  11:15-те «Ханшайым мен Құрбақа» болса,  1 қаңтарда 11:45-те «Пингвиндер биі», 2 қантарда 13:20-да «Жұлдызды төбет» болады. Бір қызығы,  ұл анимациялық фильмдердің барлығы «Қазақстан» корпорациясының кинокөрсетілім және дубляж бөлімінде аударылып, дыбысталған.

Сонымен қатар 31 желтоқсан күні 14:25-те «Алатауым- алтын ұям» атты Республикалық ақындар айтысының тұсаукесері болса, келесі күндері 2-3 бөлімдері көрсетіледі. Кешкі 18:10-да«Қазақстан» корпорациясының «Алтын қорында» сақталған «Тамаша» ойын-сауықтық бағдарламасы тарту етіледі.  Ал 19:45-те белгілі әншілер: Әлішер Кәрімов, Луина және «Формат» тобының қатысуымен «Әзіл әлемі» ток-шоуының жаңажылдық көрсетілімі болады. «Басты арнадағы Жаңа жыл» атты музыкалық шоу-бағдарламасы эфирге 21:50-де және 00:00-де шығады. Мерекелік шоуда қазақ эстрадасының танымал әншілері: Мақпал Жүнісова, Бекболат Тілеухан, Жанар Доғалова, Ерке Есмахан, Қайрат Түнтеков, Зируза, Ринго тобы және т.б өз өнерлерін көрсетеді. Кештің бас қонағы әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген болмақ.

«Жарнамасыз жаңа жыл» күнін Qazaqstan ұлттық арнасымен болыңыздар!

Дереккөз: Айқын